Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған позиция

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын лауазымды өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Басқарманың, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары

2023 жылдан бастап «педагог-шебер» санатын беру Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне берілді. «Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» санаттарын беруді, тиісінше, білім беру ұйымдары, білім бөлімдері және білім басқармасы іске асырады. Төменгі үш санатты беру барысында «е-Портфолио» электронды платформасы қолданылатын болса, Министрлік тарапынан берілетін санатты алу үшін өтініш қағаз түрінде тапсырылады. Яғни, педагогтер санатты алу кезінде орталықтандырылған жүйе арқылы өтініш қабылдау мәселесі қарастырылмаған. Төменгі санаттарды алу кезінде үйреншікті «е-Портфолио» жүйесін қолданып, өтініштерін оңай бере алатын болса, «педагог-шебер» санатына өтініш беру кезінде көптеген бюрократиялық кедергілерге кездеседі. Бұл өз кезегінде педагогке қолайсыздық туғызып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығыс туғызуы ықтимал.

Фактілер анықталмаған

 

Басқарманың, білім бөлімдерінің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары

Білім беру ұйымдарының басшыларының лауазымына сәйкестік жөніндегі біліктілік талаптарын жазған кезде түсінбестіктер бар. Мысалға, қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына қосымша білім беру ұйымында 2 жылдан кем емес уақыт басшының орынбасары лауазым атқарған тұлға ғана тағайындала алады. Облыстағы 49 қосымша білім беру ұйымдарының басым бөлігінде басшы штаты жоқ екендігін ескерсек, басшы лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидатты табу қиындық туғызады.

Осы секілді, мемлекеттік қызметшілердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының басшысы бола алмайтындығы, төменгі санаттары бар (педагог, педагог-модератор), яғни біліктілігі төмен педагогтердің толық жинақты мектептерге басшы лауазымдарына тағайындалып кету мүмкіндігі бар.

Бұл меритократия қағидатына қайшы келіп, басшы лауазымына конкурс өткізу барысныда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін. 

Фактілер анықталмаған

 

Қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары

Қалалық, аудандық білім бөлімдері «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 73-бабына сәйкес ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы деп көрсетілген.

  Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.

Осы бапты негізге ала отырып баладан бөлек тұратын ата-ана білім бөлімдеріне баламен көрісіп тұру бойынша е-өтініш арқылы арыз жазады. Бұл арыз мемлекеттік қызмет арқылы реттелмеген. Сол себепті аталған қызметті көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қатарына қосу сұралады.

Фактілер анықталмаған

 

Қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 73-бабында ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді деп көрсетілген. Ата-аналар арасында келісім болмаған жағдайда баланың тұрғылықты жерін анықтау сот арқылы шешіледі.

Сотқа жүгінуші ата-ана өз үйінің тұрмыстық жағдайын зерттеп беру туралы аудандық, қалалық білім бөлімдеріне арыз береді.  Бұл арыз мемлекеттік қызмет арқылы реттелмеген. Сол себепті аталған қызметті көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қатарына қосу сұралады.

 Фактілер анықталмаған

 

 

 

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы