|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Ұсыным (-дар) |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Басқарма Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығымен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру функциясын жүзеге асырады. Қағидалардың 5 тармағына сәйкес Кодекстің 204-бабының 1-тармағына сәйкес мүдделі тұлға белгілеген нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға құзыретті органға қағаз түрінде өтініш береді. Бұл функцияны жүзеге асыруда өтініш берушімен тікелей байланыс бар, өйткені Қағидаларға сәйкес құжаттарды қабылдау және нәтиже беру Басқарма кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандар сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады, өйткені іс жүзінде Басқарма қызметкерлерінің өтініш берушілермен жеке байланысы кезінде жасанды әкімшілік кедергілерді көрсету мүмкіндігі бар. |
2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 13-тармағына Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын және тарату жоспарын (жобасын) жұмыс тобының қарауына ұсынудың нақты мерзімін белгілеу бөлігінде өзгеріс енгізу туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жіберілсін.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
Хат |
2025 жылдың екінші жартыжылдығы |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысымен өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды «Индустрияландырудың бірыңғай картасына» енгізу жөніндегі бағдарлама қолданылады. Индустрияландырудың бірыңғай картасы бағдарламасы шеңберінде жоба бастамашылары преференциялардың әртүрлі түрлерін, соның ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын алады. Алайда, іс жүзінде инвестор негізгі мақсаты инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылатын Индустрияландыру картасына кіру жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын алып, белгіленген мерзімде инвестициялық жобаларды іске асырмайды. Инвесторлар инженерлік инфрақұрылымды жүргізудің қымбат құнына сілтеме жасай отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерін ұзартады, бірақ бұл ретте кен орнының учаскесін пайдалануды жалғастырады. Инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін ұзарту үшін уәкілетті органнан (Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) келісім алу үшін инвесторлар Басқармаға өтінішхат алу үшін жүгінеді. Алайда, өтінішхат алу процесі заңнамалық деңгейде реттелмеген. Жоғарыда айтылғандар сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады, өйткені іс жүзінде Басқармадан өтінішхат алған кезде жасанды әкімшілік кедергілерді көрсету мүмкіндігі бар. |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне инвесторлардың жергілікті атқарушы органнан өтінішхат алу процесін регламенттеу бөлігінде НҚА-ға толықтыру енгізу туралы ұсыныс жіберілсін. |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
Хат |
2025 жылдың екінші жартыжылдығы |
|
3 |
Талдау барысында мемлекеттік орган мемлекеттік функцияларды орындайтын, тікелей қызметтер көрсететін, бірақ бұл қызметтер Мемлекеттік деп танылмаған, алайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін «Жасырын қызметтер» нысанындағы қызметтер анықталды: Жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру - беру тәртібі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабында айқындалған; - Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы өтінішті қарау - беру тәртібі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 25-тармағында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларында айқындалған. Жоғарыда айтылғандар сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады, өйткені іс жүзінде Басқарма қызметкерлерінің өтініш берушілермен жеке байланысы кезінде жасанды әкімшілік кедергілерді көрсету мүмкіндігі бар. |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «Жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру», «Тексеру нәтижелерін және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды қабылдау үшін комиссия құру» және «Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу туралы өтінішті қарау» қызметтерін енгізу туралы ұсыныс жіберілсін. |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
Хат |
2025 жылдың екінші жартыжылдығы |