|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
|
Орындау мерзімі |
|
1. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін ішкі талдау барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақпараттандыру саласындағы қызметтерге қаражат сұрату процесінде әлеуетті жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстарында шығындар баптарының толық есептері көрсетілмеу жағдайлары анықталды |
Ақпараттандыру саласындағы іске асыруға ұсынылатын жобалардың бірегейлігі мен ерекшелігіне байланысты жалпы құнын дұрыс бағалауда қиындықтар тудырып, жоғары шығындарға әкелуі мүмкін. |
ҚР ҰЭМ-ге хат жолдау |
ЖМО-дан жауап түскен жоқ |
2024 жылғы 30 маусымға дейін |
|
2. |
Ведомстволық бағынысты қосымша білім беру ұйымдары мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылатындығы көрсетілгендігіне қарамастан жан басына қаржыландыру әдістемесі бекітілмегендігі анықталды. |
Бюджетті жоспарлау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, қосымша білім беру ұйымдарын жан басына қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұсынамыз. |
ҚР ҰЭМ-ге хат жолдау |
ЖМО-дан жауап түскен жоқ |
2024 жылғы 30 маусымға дейін |
|
3. |
Мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптары (жұмыстарды орындау сомалары, мерзімдері) өзгерген жағдайда тапсырыс берушілердің лауазымды тұлғаларымен қамтамасыз ету (банктік кепілдіктер) шартына тиісті өзгерістер енгізілмейді, бұл банктер/сақтандыру компаниялары тарапынан міндеттемелерді орындаудан дәлелді бас тартуға әкеледі. Сондай-ақ, тексеру нәтижелері бойынша жосықсыз мердігерлерге қаражатты өтеу немесе жұмыстарды қалпына келтіру жөнінде нұсқамалар шығарылады. Алайда, мердігерлер нұсқамаларды орындауды, ескертулерді жоюды бірнеше жылдарға соза отырып, мемлекеттік сатып алуға қатысуды жалғастырады және айтарлықтай көлем алады. әлеуметтік жобалар құрылысы ұзаққа созылып, жобаны түзетуге барады. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында: -тапсырыс беруші, мердігер, банк (сақтандыру компаниясы), Қазынашылық арасында қамтамасыз етудің (кепілдіктің/ сақтандырудың) үлгілік 4-тараптық шартын әзірлеу; -қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде қамтамасыз ету шарттарына (кепілдіктеріне) қол қоюды және тіркеуді жүзеге асыру; -қамтамасыз ету шартын мемлекеттік сатып алу шартының талаптарына міндетті түрде байланыстыруды қамтамасыз ету (сомасы, құрылыс мерзімі, пайдалануға беру актісі) орынды деп санайды. |
ҚР ҚМ-ге хат жолдау |
ЖМО-дан жауап түскен жоқ |
2024 жылғы 30 маусымға дейін |
|
4. |
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 115-тармағына өзгерістер енгізілді.
|
Бюджеттік инвестициялық жобаны түзетуден өткізу үшін ҚР Үкіметі уәкілеттік берген бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мәніне ішкі бақылау жөніндегі органның, сондай-ақ құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін БИЖ іске асыру шеңберінде (ЖСҚ әзірлеуден бастап құрылыс үшін) бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын бұзушылықтардың болмауы туралы актісі қажет болатын. Алайда, ағымдағы жылдың 22 ақпанындағы өзгерістермен ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның атына жіберілген жүргізіліп жатқан түзету туралы бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған хабарлама-хат қана қажет. |
ҚР ҰЭМ-ге хат жолдау |
ЖМО-дан жауап түскен жоқ |
2024 жылғы 30 маусымға дейін |