Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы»ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі

        

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Сұйытылған мұнай газын бөлуге байланысты өтінімдерді кәсіпкерлерден қолма-қол қабылдау және тіркеу (көрсетілген қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысы бар).

Өтінімдерді қағаз жеткізгіштен «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесіне ауыстыру.

Цифрландыру

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңына және «тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы осы салада мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия құру;

2) облыс аумағына сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған жиынтық өтінімдерді қалыптастыру және уәкілетті органға жіберу;

3) облыс аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын уәкілетті органға ұсыну;

4) облыс аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну;

5) Өз құзыреті шегінде облыс аумағына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының айналымына бақылауды жүзеге асыру

6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Автоматтандыру құралдарын қолданбай, басқарма қызметкерлері қолмен жинау, өңдеу, бөлу және талдау процестерін жүргізуге мәжбүр. Бұл факт басқарма қызметкерлеріне үлкен жүктеме әкеледі, қателіктер мен дәлсіздіктер, мерзімдерді бұзу және бөлу, жеткізу, іске асыру туралы ақпаратты дұрыс қалыптастырмау ықтималдығы бар.

 

Облыс әкімі 2024 жылғы 15 шілдедегі №19-АӨЖ сәйкес аппараттық кеңесте Ақтөбе облысындағы ТМД-ның нақты қажетті көлемін анықтау үшін барлық газ құю станцияларын цифрландыруды тапсырды.

2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін

2

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мамандырылған ұйымдар арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз ету және ақылық талаптарының шарттарымен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік кэшбекті пайдалануды қарастыра отырып, азаматтардың тамақ өнімдеріне арналған шығыстарын субсидиялау сияқты мемлекеттік қолдаудың атаулығын автоматтандыруға (цифрландыруға) көшу шаралары (ақшаның бір бөлігін кейіннен ӘМАТ сатып алуға жұмсалуы мүмкін азаматтардың жеке электрондық әмияндарына кэшбек түрінде қайтарады).

Мемлекеттік органдардың жұмысына ӘМАТ-қа ғана емес, адамдарға қажетті басқа да азық-түлік, сондай-ақ бірінші кезекте қажет тауарлар бағасының өсуінің жүйелі себептерін шешуге баса назар аудару.

Пилоттық жоба

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны реттеуден бас тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыруда.

Бұл бағытта Министрлік арзандатылған ӘМАТ сатып алуға мүмкіндік беру бөлігінде әлеуметтік осал азаматтарды қолдауға бағытталған пилоттық жобаны жүргізуге бастамашылық жасады.

Азаматтарды қолдау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде құрылған қолданыстағы цифрлық әлеуметтік әмиян арқылы «азық-түлік ваучерлерін» ұсыну мүмкіндігі пысықталуда.

Пилотты Ақмола облысының Ақкөл қаласында ағымдағы жылы бастау жоспарланған.

2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін

 

Документы
Новости
Полезные материалы
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы»ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы