|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1. |
«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 1-бабының 45-1-тармағына сәйкес эпизоотологиялық тексеру актісі - эпизоотологиялық ошақтардың пайда болу себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат. Алайда, осы Заңның 18-бабының 1-1-тармақтарында эпизоотиялық тексеру актісі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актісі болып табылатыны көрсетілген. |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 45-1-тармағына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс мынадай редакцияда жазылсын: «эпизоотологиялық тексеру актісі-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор беретін құжат». |
ҚР АШМ-ге хат жолдау |
|
2024 жылғы 20 желтоқсанға дейін |
|
2. |
АШЖБ ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығару рәсімі регламенттелмеген. Ауызша хабарлама бойынша АШЖБ ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығару ауыл шаруашылығы жануарларының иесі мен ветеринариялық мамандар, жылжымалы мүлік мұрагерлері, басқа да мүдделі тұлғалар арасында мүдделер қақтығысының туындауына ықпал етеді, шағымдар мен сот ісін жүргізуге әкеп соғады. |
АШЖБ дерекқорында ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығару рәсімінің шарттарын айқындау жөнінде бейінді министрлікке ұсыныс енгізу |
ҚР АШМ-ге хат жолдау |
|
2024 жылғы 20 желтоқсанға дейін |
|
3. |
Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жеке және заңды тұлғаларға құнын өтеу кезінде сомаларды төлеу тәртібі «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет ретінде жүзеге асырылсын. |
"Электрондық үкімет" порталы мен ЕАСУ және АШЖБ ақпараттық жүйелері арасындағы интеграцияны қамтамасыз ету туралы ұсыныс енгізу |
ҚР АШМ-ге және «АИТ» АҚ хат жолдау |
|
2024 жылғы 20 желтоқсанға дейін |
|
4. |
«Электрондық үкімет» порталы мен ЕАСУ және АШЖБ ақпараттық жүйелері арасында интеграцияның болмауы. Нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде тікелей байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш береді. |
«Электрондық үкімет» порталы мен ЕАСУ және АШЖБ ақпараттық жүйелері арасындағы интеграцияны қамтамасыз ету туралы ұсыныс енгізу |
ҚР АШМ-ге және «АИТ» АҚ хат жолдау |
|
2024 жылғы 20 желтоқсанға дейін |
|
5. |
ҚР АШМ 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығының негізінде 5-тарауы 14-тармақшасында ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы орган құжаттарды жинауды 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Осы бұйрықта жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту көзделмеген. |
Құжаттарды қабылдау кезінде дәлелді бас тарту бөлігінде бұйрық жобасына түзетулер енгізу туралы АШМ-ге ұсыныс енгізу.
|
ҚР АШМ-ге хат жолдау |
|
2024 жылғы 20 желтоқсанға дейін |