Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

____Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ_

 

№

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Қызметті жүзеге асыратын басқарма бөлім басшылары,  және аурухананың  медбикелері.

3.1. Емдеу алдын алу, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлім басшысы:  

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі тұрғындарға медициналық көмек көрсетілуін бақылау және де облыс медициналық ұйымдар арасында сапасын жақсарту бойынша жұмыстын ұйымдастыру;

- медициналық көмектің сапасын және жүргізілуін одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстармен тұрғындардың өлім-жітім және де ауру-сырқаттану көрсеткіштерін, медициналық ұйымдардың статистикалық есептерінің  талдауын бақылау;

- тұрғындардың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеріс жүргізілуін бақылау; 

- қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бағытында басқа ведомствалармен ведомствоаралық байланысты жүзеге асыру;

- медициналық көмектің сапасын және тиімділігін арттыру, аурулардың ерте кезеңдерін анықтау мақсатында ұйымдастыру жұмыстарын бақылау;

- бөлімнің өкілеттілігіне қатысты сұрақтар бойынша медициналық ұйымдарға жіберілетін тапсырмалардың жобаларын дайындау және олардың орындалуын бақылау, сонымен қатар аталған ұйымдардың ұйымдастырушылық қызметі процесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жіберілетін тапсырмалардың жобаларын дайындау қамтамасыз ету;

-  кепілді тегін медициналық көмектің көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында облыстың медициналық ұйымдардың   атқарылған қызметіне бақылау жасау және сапасын жақсарту бойынша жұмысты жүргізу;

- медициналық ұйымдардың статистикалық есептерін жәнетұрғындардың өлім-жітім мен  ауру-сырқаттану көрсеткіштерін бақылау және талдауын бақылау;

- тұрғындардың нысаналы топтарына скринингтік  медициналық тексеріс жүргізілуін бақылау және талдауын жүргізу;

- аурулардың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды өткізуін және жетілдіруін бақылау;

- облыстың емдеу мекемелерінде денсаулық мектептерінің, жастар денсаулық мектептерінің жұмысына талдау мен бақылау жүргізу;

- жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында емдеу алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, талдау жүргізу;

- басқарманың алқа отырыстарын өткізуге және емдеу кеңестік мәжілісітерін өткізуді  ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;

- амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша дерекқорға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын бақылау;

- дәрілік заттарды сатып алуға қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуын қадағалау;

- дәрілік заттарды сақтау тәртібі мен жарамдылық мерзімін бақылауды қамтамасыз ету;  

- денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінің прекурсорларды, психотроптық және есірткі құралдарын, дәрілік заттарды, акцизделмейтін этил спиртін пайдалану туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуын ұйымдастыру;   

- емдеу, алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар бойынша ақпаратты уақытында ұсыну.

3.2. Арнайы контингентке медициналық қызмет көрсету жағдайына сараптама жасау, түзеу мекемелеріндегі тұлғаларды емдеу, денсаулығын қорғау және нығайту, ұстау жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды дайындау және басқарма басшылығына ұсыныстар еңгізуін бақылау.

3.3. Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының жұмысын жоспарлауға, медициналық бағдарламаларды дайындау.

3.4. Түзеу мекемелері мен Тергеу изоляторын-дағы медициналық бөлімдердің материалды-техникалық базасының деректі қажеттіліктерінің  сәйкестілігіне сараптама жасау, оны нығайту туралы ұсыныстарды басқарманың басшылығына ұсыну. 

3.5. Ведомствалық теңгеріміндегі медициналық мекемелерді медициналық құрал-жабдықтарымен, мүліктермен, құрал-саймандармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету шараларын қабылдау, ол үшін тапсырыстардың уақытылы берілуін бақылау.

3.6. Ауруларды зерттеу және емдеу сапасын жүйелі бақылау.

3.12. Медициналық іс-құжаттарын жүргізу сапалығына тексеріс жүргізуі. 

3.11. Жетекшілік ететін сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді уақытылы қарау.

3.12. Мемлекеттік тілді және компьютерлік сауаттылықты білу;

3.13. Ауазымдық нұсқаулық және басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру;

          3.14. Мемлекеттік және еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.

1. Орта медициналық персоналдың орындауына рұқсат етілген дәрігер тағайындаған рәсімдерді орындайды.

2. Дәрігер ғана жасай алатын манипуляцияларды жүргізуге көмектеседі.

3. Биохимиялық зерттеу үшін тамырдан қан алады және оны зертханаға жібереді.

4. А және В тобындағы дәрі-дәрмектерді арнайы дәрілік шкафтарда қатаң есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.

5. Процедураларды жүргізу кезінде кабинеттегі антисептиктердің барлық асептикалық ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

6. Қолданыстағы нұсқауларға сәйкес құралдар мен материалды зарарсыздандырады.

7. Құрал-саймандарға, жабдықтарға, дәрі-дәрмектерге және таңу материалына қойылатын талаптарды уақтылы жасайды және қажетті тәртіпті алады.

8. Белгіленген нысан бойынша кабинеттің қажетті есепке алу құжаттамасын жүргізеді: сандық есепке алынуға жататын талдауларды, есірткі, улы құралдар мен препараттарды есепке алу журналы.

9. Процедуралық кабинеттің санитарлық-гигиеналық мазмұнын қамтамасыз етеді.

10. Жүйелі түрде

Фактілер анықталған жоқ

2

Басқарма және ұйымдар мамандары

мемлекеттік органның стратегиялық шешімдерін әзірлеу, мемлекеттік органның мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру;

мемлекеттік органның миссиясынан, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын мемлекеттік органның стратегиялық, реттеушілік, іске асыру немесе бақылау функцияларын жүзеге асыру;

мемлекеттік органның негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

мемлекеттік органға жүктелген миссияны, стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды іске асыру шеңберінде жобалау қызметі (жобалау басқармасы).

3.2. Дені сау ұлт мемлекеттік бағдарламасының іс шараларын іске асыру шеңберінде мынадай бағыттармен айналысады:

1-міндет. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек

Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің келесі көрсеткіштерімен өлшенеді:

- негізгі капиталға инвестициялар

2-міндет. Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету        

Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің келесі көрсеткіштерімен өлшенеді:

- Ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту (оның ішінде жылжымалы медициналық кешендердің қызметімен қамтылған халық саны)

- Медициналық көмек көрсетудің әлемдік стандарттарына сәйкес келетін жаңа және жаңғыртылған Денсаулық сақтау объектілерінің жыл сайынғы саны

- ауылдық елді мекендерде, оның ішінде тірек спутниктік ауылдарда ФАП, медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар ашу

- аудандық ауруханаларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру

- ауданаралық ауруханаларды ұйымдастыру

- құрылыстың инвестициялық жобаларын іске асыру

- уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру

- экономикадағы орташа жалақыға дәрігерлердің орташа жалақысын 2,5 есе арттыру

- орта медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеру

3-міндет. Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру:

- ұлттық және жаһандық тәуекелдерді болжау мен оларға ден қоюдың ғылыми негізделген жүйелерінің үлес салмағы

- заңнаманы сақтау бойынша ішкі бақылау іс-шараларына қатысу;

3.3. Қойылған міндеттерді орындау, сондай-ақ мемлекеттік органның миссиясынан, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын мемлекеттік органның стратегиялық, реттеушілік, іске асыру немесе бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін іс-шараларды іске асыру шеңберінде бөлім басшысы мынадай функцияларды орындайды:

- Ашық бюджет жобасы шеңберінде, ЕПИРГО, Ехоба сайттарына, Басқарманың ресми сайтына жариялау үшін баспасөз релиздерін, бюджеттік бағдарламалар мен қаржыландыру жоспарларын дайындау;

- Ведомстволық бағынысты ЕПҰ, ұйымдардың хаттарымен жұмыс істейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Ақтөбе облысы әкімдігінің, қаржы басқармаларының, экономика басқармаларының және басқа да басқармалардың сұратулары бойынша ақпарат ұсынады;

- Бақылау хаттарына, оның ішінде е-отиниш платформасы арқылы жауаптар дайындайды;

- Бюджетті жоспарлау шеңберінде бұйрықтар дайындайды;

- Бекітуге қаржыландыру жоспарларының жобаларын дайындайды;

- Мемлекеттік тапсырыстың бейінді маманы кейіннен шарттар жасасу үшін бұйрықтар дайындайды;

- Бюджетті жоспарлау жөніндегі басшыға қорытынды, тоқсандық баяндамалар дайындайды;

- Азаматтардың өтініштерін қарайды;

- Ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың қаржыландыру және жоспарлау мәселелері жөніндегі хаттарымен жұмыс істейді;

 3.4. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс - шараларды өткізу туралы мониторинг жүргізеді:

1. Аманат Республикалық бағдарламасы;

2. Аманат облыстық бағдарламасы;

3. "Easyproject ұлттық жобалау платформасы" жобалық кеңсесі;

4. Дені сау ұлтты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

5. Жұмыспен қамту жол картасы;

6. Ауыл-Ел бесігі;

7. Облысты дамыту бағдарламасы;

8. Халықтың табысын арттыру бағдарламасы.

3.5. Бөлімінің басшысы:

- медициналық ұйымдардағы Байқау кеңесі туралы ережені дайындау, бекітуін бақылау;

        - байқау кеңесін шақыру және отырыс өткізу тәртібін бақылау;

        - байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеуді және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды, байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді конкурстық іріктеуді жүргізуді ұйымдастыру;

       - байқау кеңесінің құрамын қалыптастыру және бекітуге ұсыну;

       - байқау кеңестері мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындауды ұйымдастыру; 

       - Басқарманың заңнаманы сақтау бойынша ішкі бақылау іс-шараларына қатысу;

       - Басқарманың бақылау кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру, қазіргі заманғы менеджмент негізінде денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті дамыту, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру;

      - Басқарманың емдеу ұйымдарымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;

      - Басқармаға бағынысты мекемелерге құқықтық мәселелер бойынша құқықтық және әдістемелік көмек көрсетуін бақылау;

       - Басқарманың құқықтық мәселелер бойынша сот органдарында басқарманың мүдделерін қорғау;

       - Басқармаға ведомстволық бағынысты емдеу ұйымдарын тарату және қайта ұйымдастыру бойынша жұмыстарды бақылау;

       - Басқарма қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде, оның ішінде атқарушы органдардың қызметкерлеріне оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық және әдістемелік көмек көрсету;

       - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде жүргізеді;

       - емдеу ұйымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;

       - медициналық сатып алу есебін бақылау;

       - сатып алынған медициналық жабдықтар туралы есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

       - сатып алуды қамтамасыз ету, пайдалану, мониторинг, жоспарлау, техникалық жөндеу жүргізу, медициналық жабдықтарды қайта бөлу;

         - медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша өтінімдерді жинақтау, сатып алуды өткізу үшін құжаттарды дайындау;

       - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

       - медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын тексеру және бақылауды жүзеге асыру;

       -  сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің көлемі мен номенклатурасын қалыптастыруды жүзеге асыру және бақылау;

         - жетекшілік ететін сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді уақытылы қарау;

       - мемлекеттік тілді және компьютерлік сауаттылықты білу;

       - лауазымдық нұсқаулық және басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

Бухгалтер келесі міндеттерді орындайды:

өнімді Мемлекеттік сатып алу туралы нарықтық зерттеулер жүргізеді;

 конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату, Электрондық сатып алу туралы ақпаратқа талдау жүргізуге, ұйымның басшылығы үшін конкурстарға қатысу бойынша ұсынымдар әзірлеуге, өнім берушілер туралы деректер банкін құруға және қолдауға, Тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуді жүзеге асыруға, конкурстық құжаттаманы, тапсырыс берушіден өтінім алуды жүзеге асыруға, сатып алу іс-шаралары үшін техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;

 Мемлекеттік сатып алу сайттарының мониторингін жүзеге асырады;

 дайындалған құжаттарды конкурстық комиссияға ұсынады;

 ұйым қатысатын конкурстар мен баға ұсыныстарының нәтижелеріне бақылау жүргізеді, ұйымды тендерге қатысуға жіберу туралы хаттамаларды, тендер жеңімпазын таңдау туралы хаттамаларды алады, мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерді талдайды, қайталама конкурс, баға бабы туралы ақпарат алады

Фактілер анықталған жоқ

 

Документы
Ақпарат
26 марта 2024
Ақтөбе облысы әкімінің аппараты
2024 жылғы 4-тоқсанда облыс әкімдігінің жеке қабылдау туралы есебі
Новости
Полезные материалы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы