
1991 жылдың 16 ақпанында Жамбыл облысында дүниеге келген. 2013 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін жылу энергетикасы, 2016 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мұнай-газ ісі, 2016 жылы Алматы Менеджмент Университетін есеп және аудит және 2022 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін құқық мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған.
2013-2014 жылдары - «МАЭК-КазАтомПром» ЖШС машинисті.
2014-2017 жылдары - «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ маркетинг және көліктік логистика бөлімінің маманы, бастығы.
2018-2019 жылдары - «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ басшысының орынбасары.
2019-2020 жылдары - «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары.
2020-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті директорының орынбасары.
2022-2023 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2023 жылдың 3 шілдесінен бастап Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы.