GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Құжаттар
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
14 октября 2026
Ақтөбе облыс әкімінің орынбасары Ғ.А. Елеуовтың төреғалығымен арнайы комиссия өткізілді
Ағымдағы жылдың 14 қазан күні облыс әкімінің орынбасары Ғ.А. Елеуовтың төрағалығымен салық төлеуді, инвестицияларды тартуды және тиісті ауылдық аумақтарды дамытуды қамтамасыз ететін қолданыстағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселесін реттеу жөніндегі арнайы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
🧑‍💼 Отырыста Жер ресурстарын басқару департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, “Атамекен” ҰКП, Ауыл шаруашылығы және Ветеринария басқармаларының өкілдері қатысты.
📊 Жер ресурстарын басқару департаментінің атқарылған жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды.
05 октября 2026
Бүгін - Мұғалімдер күні.
Бұл мереке бастапқыда жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін.
2023 жылы ел Үкіметі аталған мерекенің нақты күнін бекітті.
5 қазанда әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған байланысты Қазақстанда да кәсіби мерекені осы күнге бекіту туралы шешім қабылданды.
05 октября 2026
Ақтөбе облысында қысқы маусымға 2 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды
Облыс әкімі Асхат Шахаров алдағы қысқы маусымға мал азығын әзірлеу кезеңіне қажетті жемшөп қорын толық қалыптастырып, өңірдің елді мекендерінде жем-шөп тапшылығына жол бермеуді тапсырды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың қысқы кезеңге дайындығы облыс әкімі төрағалық еткен аппарат мәжілісінде қаралды.
Саланың қазіргі жағдайы, жем-шөп дайындау барысы және шаруашылықтардың қысқы маусымға дайындығы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асылхан Әбтиев баяндады.
Бүгінде облыста 5 673 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді. 2026 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға бюджеттен 4,2 млрд теңге қарастырылған. Оның 2,3 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы құрылымдарына төленді.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 642,5 мың бас ірі қара, 1 269,4 мың қой мен ешкі, 423,7 мың жылқы және 26,4 мың түйе тіркелген.
2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңге шамамен 1,06 млн шартты мал басын қыстату жоспарлануда. Оларды қажетті жем-шөппен қамтамасыз ету үшін 1,972 млн тонна шөп, 7 мың тонна пішендеме, 26,6 мың тонна сүрлем және 225,5 мың тонна құнарлы жем дайындау көзделген. Қазіргі таңда 2,026 млн тонна шөп, 7,3 мың тонна пішендеме және 18,4 мың тонна сүрлем дайындалды.
🔹 Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Асхат Шахаров жемшөп дайындау жоспарларын толық орындап, алдағы қысқы маусымға жеткілікті қор қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Қысқы кезеңде шөп пен жем бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қажетті үйлестіру шараларын қабылдау тапсырмалары берілді.
«Негізгі міндет – қысқы кезеңде мал басын қажетті көлемдегі жем-шөппен қамтамасыз етіп, жеткілікті қор қалыптастыру. Жем-шөп тапшылығы туындау қаупі бар елді мекендерде алдын ала шаралар қабылдау қажет. Қыс мезгілінде жекелеген ауыл тұрғындарының шөп тапшылығына немесе оның бағасының негізсіз өсуіне тап болуына жол бермеу керек.
Бұл жұмыста ауылдық округтерде қызмет атқаратын ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының әлеуметтік жауапкершілігі де маңызды. Өндірістік көрсеткіштермен қатар, жергілікті тұрғындарды қолдауға, әсіресе жекелеген отбасылар жемшөп дайындау немесе сатып алуда қиындықтарға тап болған жағдайда, баса назар аудару қажет. Барлық ықтимал проблемалық мәселелерді анықтап, қыс басталғанға дейін шешу керек», – деді Асхат Шахаров.
28 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру тетігін электрондық конкурстар негізінде цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Топырақты қорғау туралы» Заңына қол қойды. Бұл Заңның аясында топырақ құнарлығын сақтаудың басымдылығы бекітілді, жер пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі міндеттері кеңейтілді. Бүгінде Бірыңғай цифрлық жер ресурстары платформасын құру бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл 7 млн га аумақта топырақ зерттеу, 7,5 млн га аумақта геоботаникалық зерттеу, 4 млн гектар аумақта агрохимиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жөнінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында айтты.

Бұдан бөлек, жалпы аумағы 53,5 млн га жердің жай-күйін бағалау бойынша цифрлық материалдар жасалды.

«Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалпына келтіру шараларын жүргізуді қажет ететін шамамен 2,7 млн га тозған жерлер анықталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру тетігін электрондық конкурстар негізінде цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жүргізуде», - М.Теміржанов.

Мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері
28 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару: 2026 жылғы жоспар артығымен орындалды

Қазақстанда пайдаланылмай жатқан, сондай-ақ заңнама талаптары сақталмай берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды айналымға енгізу бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Жылдық жоспар 1 млн гектар болған, 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.

Осы салада жүргізілген жұмыстың қорытындылары мен алдағы жоспарлар туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов толық мәлімет берді.

«Мәселе жерді мемлекетке қайтарумен ғана шектелмейді. Негізгі мақсат – қайтарылған жерлерді одан әрі тиімді пайдалану, олардан нақты нәтиже алу және, ең алдымен, ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету», – деді Мұрат Теміржанов.

Жер ресурстарының пайдаланылуына бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Биыл аумақтық бөлімшелер ауданы 1 млн гектардан асатын жерлерде мыңнан астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде жер пайдаланушыларға жалпы аумағы 884 мың гектар жердегі бұзушылықтарды жою туралы 715 нұсқама берілді. Ал тағы 211 мың гектар жерді мәжбүрлеп алып қоюға қатысты материалдар сот органдарының қарауында.

Бұл ретте жылдық жоспардың орындалуы бақылау іс-шаралары тоқтатылатынын білдірмейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жерді пайдалану талаптарының бұзылуын анықтау жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар қайтарылған жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылғы қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша қайта бөлінген жер көлемі 13,5 млн гектарға жетті. Оның 5,5 млн гектары мал жаю үшін жергілікті халықтың ортақ пайдалануына берілсе, 8 млн гектары агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне конкурстық негізде берілді.

Ауданы 10 мыңнан 50 мың гектарға дейінгі ірі жер алқаптарын тиімді шаруашылық айналымына енгізуге ерекше назар аударылуда. Бұл ауылдық жерлерде жаңа, оның ішінде жыл бойы жұмыс істейтін жұмыс орындарын құруға жол ашады.

Сонымен бірге мемлекет өз шаруашылығын дамытуға инвестиция салатын аграрлық сала өкілдерінің  құқықтарын қорғауды күшейтуде. Арнайы құрылған жұмыс тобы мен бекітілген әдістемелік ұсынымдар фермерлердің адалдығын бағалаудың нақты жүйесін қалыптастырды, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мерзімдерін белгіледі және жер пайдалану құқығын ұзарту тәртібін жеңілдетті.

Топырақты қорғау саласында да маңызды өзгерістер енгізілуде. 2026 жылғы шілдеде «Топырақты қорғау туралы» Заң күшіне енді. Құжатта жердің құнарлылығын сақтауға басымдық беріліп, жер пайдаланушылардың жауапкершілігі күшейтілді.

Жер ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын қалыптастыру аясында биыл 7 млн гектар аумақта топырақ зерттеулері, 7,5 млн гектарда геоботаникалық зерттеулер және 4 млн гектарда агрохимиялық зерттеулер жүргізілді. Ал жерді бағалаудың цифрлық материалдарымен 53,5 млн гектар аумақ қамтылды. Зерттеу нәтижесінде қалпына келтіру шараларын қажет ететін 2,7 млн гектар деградацияға ұшыраған жер анықталды.

Алдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлу тетігі толығымен электрондық форматқа көшіріледі.

«Электрондық конкурстар өткізу адам факторын болдырмауға және жер комиссияларының институционалдық жұмысынан бас тартуға мүмкіндік береді. Жаңартылған цифрлық жүйені техникалық тестілеу және оның функционалдық мүмкіндіктерін бағалау заң нормалары ресми түрде күшіне енгенге дейін Ақмола облысы мен Жетісу облысының аумағында пилоттық жоба аясында жүргізіледі», – деді Мұрат Теміржанов.

Биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруге қатысты мораторийдің мерзімі аяқталуына байланысты оны 2031 жылдың соңына дейін ұзартуды көздейтін түзетулер әзірленді.

Мұрат Теміржанов жерлерді қайтару және қайта бөлу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмаларына қатаң сәйкес жалғасатынын атап өтті. Бұл жұмыс жерді әділ әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, жер ресурстарын сақтауға, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

28 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру процесі ашық жүргізіледі.

Жер беру процесін барынша ашық ету үшін электрондық конкурстарды өткізу тәртібін реттейтін жаңа нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген Конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілуде. Бұны жөнінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.

Енгізілетін өзгерістердің тиімділігін алдын ала бағалау және цифрлық платформаның жұмысқа дайындығын тексеру мақсатында Ақмола және Жетісу облыстарында пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда.

«Пилоттық жоба техникалық тестілеу форматында өткізіліп, жаңа жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін толық пысықтауға және заң нормалары күшіне енгенге дейін оның жұмысқа дайындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Аталған пилоттық жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Бас прокуратурасының қолдауымен жүзеге асырылатын болады», - деді спикер.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруге қатысты мораторийдің 2026 жылы аяқталуына байланысты, оны 2031 жылдың соңына дейін ұзартуды көздейтін түзетулер әзірленді. 

24 сентября 2026
Алға ауданында 22 мың тоннадан астам астық жиналды
Алға ауданында 2026 жылғы егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде диқандар 13,8 мың гектардан астам дәнді дақылды жинап, 22 397,6 тонна астық бастырды.
Биыл ауданда ауыл шаруашылығы дақылдары 73 976,7 гектар алқапқа егілді. Оның ішінде 18 013 гектарды дәнді дақылдар, 5 695 гектарды майлы дақылдар, 49 573 гектарды мал азығы дақылдары құрайды. Сонымен қатар картоп, көкөніс және бақша дақылдары да өсірілуде.
Қазіргі таңда дәнді дақылдардың 13 862 гектары, яғни алқаптың негізгі бөлігі жиналды. Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрап отыр.
Егін жинау жұмыстары барысында негізгі дақылдар бойынша мынадай нәтижелер тіркелді:
бидай – 4 695 гектар жиналды, өнімділігі 17,4 ц/га, жалпы түсім – 8 153,5 тонна;
арпа – 7 217 гектар жиналды, өнімділігі 16,9 ц/га, жалпы түсім – 12 216,1 тонна;
сұлы – 740 гектар жиналды, өнімділігі 16,6 ц/га, жалпы түсім – 1 230 тонна;
күздік дақылдар – 1 210 гектар жиналды, өнімділігі 10,3 ц/га, жалпы түсім – 1 248 тонна.
Аудандағы шаруа қожалықтары ауа райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып, егінді ысырапсыз жинауға барынша күш салуда.
📌 Науқанға қажетті ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылып, жиын-терім жұмыстары белгіленген мерзімде жүргізілуде.
Бірқатар шаруашылық жоғары өнімділік көрсеткіштерін көрсетіп отыр. Диқандардың айтуынша, егін жинау науқанын уақытылы әрі сапалы өткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.
Жалпы, Алға ауданында биылғы егін жинау науқаны жоспарға сәйкес жалғасуда. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ұйымшылдығы мен тынымсыз еңбегі – мол өнімнің негізгі кепілі.
24 сентября 2026
Бірлескен отырыс өтті

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
 

 Отырыста «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, Мемлекеттік қызмет істері департаменті, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы және Төтенше жағдайлар департаменті басшылары баяндама жасады.

Кездесу барысында кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылын жетілдіру, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.
 
Сондай-ақ сот сараптамасы саласындағы жұмыс процестерін жетілдіру, нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық жүйелердің тиімділігін арттыру бағыттары талқыланды.
 
Отырыстың маңызды бағыттарының бірі – алдағы 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық болды. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үйлерін газ датчиктерімен қамтамасыз ету, қазандықтардың техникалық қауіпсіздігін сақтау және профилактикалық шараларды күшейту мәселелері қаралды.
 
Бұдан бөлек, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, келесі шомылу маусымына дайындық мәселелері де назардан тыс қалмады. Жағажай инфрақұрылымын дамыту, қауіпті учаскелердегі бақылауды күшейту және бейнебақылау мүмкіндіктерін кеңейту бойынша ұсыныстар қарастырылды.
 
Комиссия отырысын қорытындылаған өңір басшысы жауапты мемлекеттік органдарға тиісті бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру және алдын алу шараларының тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берді.

17 сентября 2026
Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды
Ақтөбе облысының әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың бірлескен отырысы өтті.
🔹 Облыс әкімі Асхат Шахаров төрағалық еткен жиынға облыстық комиссия мен өңірлік штаб мүшелері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Арман Саданов қатысты.
Отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг пен суицидтің алдын алу, қоғамдық орындардағы криминогендік тәуекелдерді төмендету, мүлік ұрлығы мен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп шыққан азаматтарды әлеуметтендіру мәселелері қаралды.
Балалар арасындағы құқықбұзушылық, буллинг және өзге де тәуекелдердің алдын алу үшін білім беру ұйымдарында цифрлық мониторинг құралдарын қолдану мәселесіне назар аударылды. Атап айтқанда, «Dara bala» платформасындағы «TALDAU – QOLDAU – BAQYLAU» жобасын білім беру ұйымдарына кезең-кезеңімен енгізу және «BilimClass» жүйесін әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және құқық бұзушылық профилактикасы салаларындағы ақпараттық жүйелермен интеграциялау бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.
Әлеуметтік және психологиялық қолдауды қажет ететін отбасыларды ерте анықтау, оларға қажетті көмек көрсету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.
Қоғамдық қауіпсіздік мәселесінде құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін аумақтардағы инфрақұрылым сөз болды. Мәселен, көше жарығын жақсарту, бейнебақылау жүйелерін орнату, аулаларды абаттандыру және қауіпсіз қалалық орта элементтерін көбейту бойынша мекенжайлық жоспар әзірлеу қажеттігі айтылды.
Мал ұрлығы мен қараусыз жүрген малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесінде аудан әкімдері мал жаю бойынша үшжақты шарттар жасасу, арнайы қамау орындарының санын арттыру және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына уақытылы енгізу бойынша шаралар қабылдауы тиіс.
🔵 Өңірлік штаб отырысының күн тәртібінде қаралған тағы бір мәселе - есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп шыққан азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және олардың қайта қылмыс жасау тәуекелдерін төмендету. Осы бағытта жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және құқыққорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейту көзделді. «Пробация үйі» жобасы аясында жұмысқа орналастыру және әлеуметтік сүйемелдеу тетіктерін дамытылмақ.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірқатар хаттамалық тапсырма берілді. Олардың орындалу барысы - жіті бақылауда.
15 сентября 2026
ӘДЕП ПЕН ТӘРТІП
Департамент басшысының орынбасары Р.Мажитов пен облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Р.Омарованың қатысуымен жер қатынастары басқармасының қызметкерлері арасында әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
💬 Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындауы, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, қызмет көрсету сапасын арттыруы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Нақтырақ айтқанда:
🔹 азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
🔹 іскерлік киім үлгісін сақтау;
🔹 мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау;
🔹 қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу;
🔹 масаң күйде көлік құралын басқармау;
🔹 әлеуметтік желілерді әдеп нормаларына сай жүргізу;
🔹 құмар ойындарға әуестенбеу қатаң ескертілді.
⚖️ Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі, жауапкершілігі мен кәсіби мәдениеті – мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімнің маңызды негізі.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы