Басқармамен 2025 жылғы IV-тоқсанында жалпы саны 60 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 60 мемлекетік қызметтің қызметтің 15 жеке тұлғаларға , ал 45 қызметі заңды тұлғаларға көрсетілді.
Аталған кезеңде көрсетілген 60 мемлекеттік қызметтердің ішінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету мөлшері 99 % (пайыз) құрап отыр.
Көрсетілген 60 мемлекеттік қызметтердің ішінде ағымдағы жылдың 4-тоқсанында 60 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілді, оның ішінде 18 мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар электрондық қызметтердің үлесіне жатады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар:
«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» - 2 қызмет (ҚР АШМ 2023 жылғы 2 тамыздағы № 289 «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы бұйрығына сәйкес келмейді);
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 15 қызмет (облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне кірмейді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 49-1-баптарына сәйкес, қала шекарасының (шегі) шебінде және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта жер қатынастарын реттеу облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жатады);
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 1 қызмет (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 3.06.2022 жылғы № 180 «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес келмейді);
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсетуде мерзімінің бұзылуына жол берілді (1-қызмет, заңды тұлға).
Есеп кезеңінде қағаз нұсқада мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді.
Аталған есеп кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезеңінде сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ.
Өтініштерді уақытылы өндеу және электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылмау шаралары қадағалануда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылмауы және өтініштерді уақытылы қарау бойынша «Мониторинг» АЖ күн сайын жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалынған. Басқарма мамандарымен мемлекеттік қызметтер қазіргі заң талаптарының нормаларына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің лауазымдық біліктілігін арттыру курсынан 4 тоқсан бойынша өткізілген қызметкерлер жоқ.
Мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Басқармамен алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызметті уақытылы, сапалы және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілетін болады.