2025 жыл ІІІ квартал есебі

Басқармамен 2025 жылғы ІІІ-тоқсанында жалпы саны 30 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 30 мемлекетік қызметтің қызметтің 1 жеке тұлғаға , ал 29 қызметі заңды тұлғаларға көрсетілді.

Аталған кезеңде көрсетілген 30 мемлекеттік қызметтердің ішінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету мөлшері 99 % (пайыз) құрап отыр.

Көрсетілген 30 мемлекеттік қызметтердің ішінде ағымдағы жылдың                           3-тоқсанында 29 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетілді,                                   2 мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар электрондық қызметтердің үлесіне жатады.

  Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1 қызмет (облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне кірмейді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 49-1- баптарына сәйкес, қала шекарасының (шегі) шебінде және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта жер қатынастарын реттеу облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жататындықтан);

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» -                        1 қызмет (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген  «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларынын 7-тармағы 2) тармақшасы, 9-тармағына сәйкес (төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі және жер учаскесін алдын ала таңдау актісі жолданбаған).

Аталған есеп кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ.

 Өтініштерді уақытылы өндеу және электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылмау шаралары қадағалануда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылмауы және өтініштерді уақытылы қарау бойынша «Мониторинг» АЖ күн сайын жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалынған. Басқарма мамандарымен мемлекеттік қызметтер қазіргі заң талаптарының нормаларына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің лауазымдық біліктілігін арттыру курсынан 3 тоқсан бойынша өткізілген қызметкерлер жоқ.

Мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына және барлық әлеуметтік желілерге орналастыру, аудандарға барып түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Басқармамен алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызметті уақытылы, сапалы және оны жетілдіру бойынша                        іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

 

 

Дата публикации
09 октября 2025