2024 жыл IV квартал есебі

Басқармамен 2024 жылғы 4-тоқсанында жалпы саны 68 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 68 мемлекетік қызметтің қызметі жеке тұлғаларға 15, ал 53 қызметі заңды тұлғаларға көрсетілді.

Аталған кезеңде көрсетілген 68 мемлекеттік қызметтердің ішінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету мөлшері 96 % (пайыз) құрап отыр.

Көрсетілген 68 мемлекеттік қызметтердің ішінде ағымдағы жылдың                           4-тоқсанында 46 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетілді, 3 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді, 19 мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар электрондық қызметтердің үлесіне жатады.

  Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар:

  • «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 3 қызмет (құжаттардың пакеті толық емес, басқарманын құзыретіне кірмейді);
  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 5 қызмет (құзыретіне кірмейді);
  • «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 11 қызмет (құзыретіне кірмейді, жер учаскелері елді мекендер жерлерінің аумағында және іргелес жатқан аумақтарда орналасуына байланысты);

Аталған есеп кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ.

 Өтініштерді уақытылы өндеу және  электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылмау шаралары қадағалануда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылмауы және өтініштерді уақытылы қарау бойынша «Мониторинг» АЖ күн сайын №17 нысанға сәйкес мониторинг жүргізіледі.

Есепті кезеңде «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет мерзімін бұза отырып, өтініш 1 күнге кешігіп қанағаттандырылды.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалынған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің лауазымдық біліктілігін арттыру курсынан 4 тоқсан бойынша өткізілген қызметкерлер жоқ.

Басқармамен алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызметті уақытылы, сапалы және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Дата публикации
07 марта 2025