Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 48 «Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd» жеке компаниясына жария сервитут белгілеу туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

       

Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 48 «Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd» жеке компаниясына жария сервитут белгілеу туралы» қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

қаулы мынадай мазмұндағы 4-1. тармақшамен толықтырылсын.

«4-1. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы                    (келісім бойынша) егер жария сервитутты белгілеу жер учаскесін пайдалану мүмкін болмайтын жағдайларға алып келсе, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушыға келтірілген залал толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.».

  1. «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін, осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.  

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
22 апреля 2026