
,8Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Нәтижесінде, Ақтөбе облысының аумағында 2022–2025 жылдар аралығында облыс бойынша жалпы көлемі 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 1 млн 92,3 мың гектар жер учаскесі қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.
Қалған 164,2 мың гектар жерді қайта айналымға енгізу мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігімен 2026 жылдың маусым айына дейінгі арнайы жоспар бекітіліп, орындалып жатыр.
2026 жылы 80 мың га жерді қайтару жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 123,8 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылып жоспар 154%-ға орындалды.