«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі
| № | Ұсыныс | Іс-шара атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты мамандар | Мерзімі |
| 1 |
Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 20-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы лицензия мен жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарт негізінде туындайды. Алайда, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінде құжаттар тізімінде ұзартылған келісімшарт немесе лицензия беру қарастырылмаған, бұл да сыбайлас жемқорлық қаупін туындатады. |
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс хат жолдау. | Ұсыныс хат |
А.Ахметов |
1 тамызға дейін |
| 2 |
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 32-бабының 4-тармағына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға немесе кен іздеушілікке арналған лицензияның болуы, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты немесе өндіру учаскесінің және өндіру кезеңінің не дайындық кезеңінің бекітіп берілуі көзделетін көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруды немесе осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартын жасасу осы Кодексте көзделген тәртіппен жер учаскесін дереу беру үшін негіз болып табылады. Ал, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-бабында жер учаскелерін беру тәртібі қарастырылған. Осы баптың нормаларына сәйкес белгілі бір жағдайларда жер учаскелерін беруден бас тартуға болады. Мұнда заңнамалық қарама-қайшылық бар, бұл сыбайлас жемқорлық қаупін туындатады. |
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс хат жолдау. | Ұсыныс хат | А.Ахметов | 1 тамызға дейін |