ӘДЕП ТАЛАПТАРЫ – ОРТАҚ МІНДЕТ
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын сақтау және қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстану қажеттігі түсіндірілді.
Соның ішінде:
* азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
* іскерлік киім үлгісін сақтау;
* мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау;
* қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу;
* мас күйде көлік құралын басқармау;
* әлеуметтік желілерді әдеп нормаларына сай жүргізу;
* құмар ойындарға әуестенбеу қатаң ескертілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ішкі талдау жүргізу тәртібіндегі жаңашылдықтар, мүдделер қақтығысына жол бермеу, заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі, жауапкершілігі мен кәсіби мәдениеті – мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімнің маңызды негізі.
Ағымдағы жылдың 25 маусымда Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлының және Жайық-Каспий бассейндік кеңесінің төрағасы Азидуллин Ғалидолла Азидоллаұлының төрағалығымен онлайн-конференция өтті.
Конференция барысында су қорларын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау мен су бұру салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, бассейндік келісімге қатысушылар үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мәселелері талқыланды.
Жайық-Каспий бассейндік кеңесі су ресурстарын басқару саласындағы консультациялық-кеңесші орган ретінде өз қызметін жүзеге асырады. Кеңес жұмысына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары министрлігінің «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы аясында өңір аумағындағы бұлақ көздерін сақтау, қаптаждау (қалпына келтіру) және абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Экологиялық акция аясында Алға ауданы «Маржанбұлақ» бұлағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп, бұлақ маңындағы аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – табиғи су көздерінің экологиялық жағдайын жақсарту, бұлақтарды күтіп ұстау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарды күшейту.
Бұлақ көздерін қалпына келтіру және қаптаждау жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары министрлігінің «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы аясында өңір аумағындағы бұлақ көздерін сақтау, қаптаждау (қалпына келтіру) және абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағыттағы іс-шаралар аясында Ақтөбе қаласындағы «Ислам бұлақ» бұлағында санитарлық тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, бұлақ маңындағы аумақ қоқыстан тазартылды және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – табиғи су көздерінің экологиялық жағдайын жақсарту, бұлақтарды күтіп ұстау мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру.
Мектеп орманшылығы» жобасы Ақтөбе облысында жалғасуда
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға бағытталған «Мектеп орманшылығы» жобасы жүзеге асырылуда.
Бүгін Ақтөбе қаласындағы №50 және №55 мектептердің оқушылары бұрын көгалдандырылған аумақтарға қайта шығып, егілген ағаштарға күтім жасау жұмыстарын жалғастырды. Жас орманшылар жас көшеттерді суарып, түптерін қопсытып, жасыл аймақтарды абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.
«Мектеп орманшылығы» жобасы – бұл тек ағаш отырғызу ғана емес, сонымен қатар экологиялық жауапкершілікті, туған жерге деген сүйіспеншілікті және қоршаған ортаға қамқорлықты тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс. Оқушылардың белсенді қатысуының арқасында өңірде жасыл желек алқаптары ұлғайып, жастардың экологиялық санасы қалыптасуда.
Жоба аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жас орманшылар Ақтөбе облысын көгалдандыру мен абаттандыруға өз үлестерін қоса береді.
2026 жылғы 19 маусымда Ақтөбе облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Р.М.Омарованың қатысуымен басқарма қызметкерлері үшін ҚР Әдеп кодексінің талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың басқа да нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Ақтөбе облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Омарова Ризагүл Мырзағалиқызы қатысып, көтерілген мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, еңбек және атқарушылық тәртіп, жұмыс уақыты регламентін сақтау, қызметтік этика талаптарын ұстану, діни мәселелер бойынша заң талаптары мен «Заң және тәртіп» идеологиясы тұжырымдамасы қаралды.
Жиын соңында мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заңнама талаптары мен Әдеп кодексін қатаң сақтау қажеттігіне ескертілді.
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 22.06.2026ж.-22.07.2026ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің бас маманы Назарбайұлы Наурызбайға келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 - (7132) 74-76-09
Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Таласпаев Еркебұлан Сержановичтің қатысуымен «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ-нің тәлімбағына шолу жұмыстары жүргізілді.
Бүгін облыс бойынша 21 мыңнан аса адам «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы республикалық ағаш отырғызу акциясына белсенді қатысты.
Ақтөбе қаласындағы «Триатлон» саябағында ұйымдастырылған ауқымды іс-шара 800-ден астам адамның басын біріктірді. Олардың ішінде еңбек ардагерлерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың қызметшілері, жастар және «Жасыл ел» еңбек жасағы, тіпті өздері белсенділік танытып келген қала тұрғындары да болды.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының дерегіне сүйенсек, өңірде 10 мыңдай көшет отырғызылса, соның 500-ге жуық «Триатлон» аумағына егілді. Оның ішінде жеміс ағаштары аққайың, шырша, шетен және тағы да басқа ағаш түрлері бар.
Акцияға облыс әкімі Асхат Шахаров та қатысып, шырша ағашын отырғызды. Аймақ басшысы мұндай бастамалар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін алға тартты.
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақтөбе өңірінде екіайлық сенбілік өткізілуде. Бүгін ақтөбеліктер 1100 гектар аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.