Меню

Страницы

Статья

Су ресурстары

Ақтөбе облысы 30062,9 мың гектар аумақты алып жатыр, оның  22 322,9 мың гектары Жайық-Каспий бассейнінің аумағына жатады, қалған бөлігі Тобыл-Торғай бассейніне тиесілі.

         Облыс аумағында  500 жуық көл бар және ұзындығы 20-дан 593 км-ге дейін 175 өзен ағады, оның ішінде ірілері: 593 км Ырғыз өзені, 500 км Жем өзені, 257 км Елек өзені, 225 км Қобда өзені, 200 км Ор және 192 км Торғай өзені.

Облыс аумағында жауын-шашынның аз мөлшеріне және жер үсті суларының жоғары булану деңгейіне байланысты облыс жеткіліксіз ылғалдану аудандарына жатады. Осыған байланысты облыс өзендерінің  суы аз. Өзендер мен уақытша су ағындардың су көлемі тек қана қысқы жауын-шашын есебінен қалыптасады.

Облыс аумағында 174 ГТҚ бар, оның 12-сі республикалық меншікте, 140  коммуналдық меншікте, 22-сі жеке меншікте.

         Коммуналдық меншіктегі  гидротехникалық құрылыстардың (әрі қарай – ГТҚ) мақсаты мал және бау бақша суару, бұл бөгеттер 4 қауіптілік класына жатады, елді мекендерді сумен басу қаупі жоқ және ГТҚ техникалық төлқұжаттары мен жер актілерімен қамтамасыз етілген.

           Жыл сайын құзырлы мамандармен  көктемгі су тасқыны   кезеңіне сапалы  дайындықты  қамтамасыз ету  мақсатында облыстың коммуналдық меншіктегі  ГТҚ жағдайына  талдау жүргізілуде.

 

 

 

Дата публикации
06 декабря 2021
Дата обновления
06 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
«QazCement Industries» ЖШС 3907
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"OIL RELOADING CORP" ЖШС
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"Коктас" АҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы