| 31.03.2020 |
«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақтөбе облысындағы Сарыбұлақ кен орнының жерасты суларының пайдалану қорын қайта бағалау мақсатында қайта барлау» жобасы бойынша ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдау өткізілетінін хабарлайды. Жергілікті атқарушы орган: «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Жауапты: басқарма басшысының орынбасары А.И. Кубенов, expert_oos@mail.ru, тел.: +7 (7132) 55 26 28. Барлық пікірлер мен ұсыныстар келесі электронды поштада қабылданады: 544361@mail.ru. Жоба материалдарымен қағаз түрінде келесі мекенжай бойынша танысуға болады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 444-каб. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган: «Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» РММ. Тапсырыс беруші: «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ, тел: +7 7132 544 361, эл.пошта: 544361@mail.ru. Құжаттаманы әзірлеуші: «КазГИДЭК» гидрогеоэкологиялық зерттеулер жөніндегі ғылыми өндірістік және жобалау фирмасы» ЖШС. тел: +7 7172 223 775. Өткізу күні және орны: 2020 жылғы 24 сәуір жергілікті уақыт 11:00-де, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарағаш а/о, Самбай ауылының ауылдық клубы.
|