Ақтөбе облысының орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері бойынша 1 Орман нысанына сәйкес 2019 жылдың есебіне түсіндірме
2015-2016 жылдары Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өткізілген орман орналастыру жұмыстарының нәтижесінде әзірленген орман орналастыру жобасына сәйкес облыс көлемінде 12,0 мың гектардан астам аумақта қураған ормандар анықталды. Өрт қауіпі жоғары және түрлі зиянкестер ошағына айналып тұрған бұл орман телімдері алдағы 3-5 жылдықта шұғыл түрде кесіліп, шығарылуы тиіс болған. Осы жұмыстарды орындауға бюджеттен қомақты қаражат бөлініп іс қарқынды бастау алып кетті. Жыл сайын қураған ормандардың алқабы күрт азайып, қазіргі таңда бұл жұмыстарды аяқтау кезеңіне өттік. Осы себепті 2018 жылы 51713 м3 қураған сүрек шығарылған болса, 2019 жылы оның көлемі 19513,7 м3 дейін төмендеді. Сәйкесінше жұмыстарға кеткен шығын көлемі де 9 160,0 мың теңгеге кеміп, есепті жылы 30840,0 мың теңгені құрады.
Тұқым жинау көлемі Ақтөбе, Мәртөк және Темір орман шаруашылықтарының тұқым жинау жоспарын орындай алмай есепті жылы төмендеп кеткен.
Екпе материалдарын өсіру жұмысына бөлінген қаражатты Ақтөбе, Үлкен Борсық, Қарабұтақ және Қобда орман шаруашылығы мекемелері жоспарлы көшет санын өсіре алмай толық игере алмады, есесіне Мәртөк, Ойыл және Темір орман шаруашылықтары орман тәлімбақтарын дамыту ісіне бюджеттен тыс табыстары есебінен қаражат жұмсап, 2018 жылмен салыстырғанда бұл бағытқа 1210,8 мың теңге артық жұмсалған.
Орман өсіру жұмыстарына бөлінген қаражат көлемінің көбеюі Ақтөбе орман шаруашылығы мекемесіне жұмыс көлемінің жоспардан тыс артуына байланысты болса, Үлкен Борсық, Қобда және Ойыл орман шаруашылығы мекемелеріне осы салада қолданылатын техника мен құрал жабдықтар сатып алуына байланысты өскен. Қалған мекемелерге негізгі құрал жабдықтар 2018 жылы алынып, есепті жылы қаралмаған.
Орман күзету, қорғау, молықтыру және орман қсіру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 2019 жылы көтерілген. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін қызметшілерген 25% қосылды, базалық лауазымдық еңбекақы көрсеткіші өсіп, оның есебінен жұмыс көлеміне байланысты төлем есебі өсті. Осылайша ормандарды күзету мен қорғау (орман күзетшілері мен орман шеберлерінің еңбекақылары) көрсеткіші облыс бойынша 80454,9 мың теңгеге көбейді.
Өртке қарсы алынған шаралар көрсеткіші 2018 жылы Ақтөбе, Қарабұтақ, Темір және Қобда орман шаруашылықтарына негізгі құрал-жабдықтар, ғимараттарды жөндеуге бөлінген қаражаты есебінен азайды. Басқа оран шаруашылығы мекемелерінде бұл көрсеткіш жалақының өсуіне байланысты көтерілді.
Орман шаруашылығын басқару көрсеткіші Мәртөк және Ойыл орман шаруашылығына 2018 жылы әкімшілік ғимараттарды жөндеу, әкімшілік негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға бөлінген қомақты қаражат есебінен 2019 жылы азайды. Басқа мекемелерде көрсеткіш жалақының көтерілуі есебінен орын алып отыр.
Өзге шығындарға өндіріске тікелей қатысы жоқ шараларға жұмсалған шығындар (көлік сақтандыру, кадрларды оқыту, ақылы қызметтерді орындауға кеткен шығындар, киім-кешек алу және т.б.) кіреді. Аталған көрсеткіш есепті жылы негізінен Мәртөк және Темір орман шаруашылығында көп айырмашылықпен отырғын. Мәртөк орман шаруашылығы 2018 жылы көп қаржы жұмсаса, Темір орман шаруашылығы 2019 жылы көп қаражат жұмсаған. Қаражат көзі ретінде негізінен бюджеттен тыс ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражат есебінен жүргізілетін болғандықтан мекемелер өз қажетіне қарай жұмсауға құқылы.