| Орналастыру күні | Хабарландыру |
| 04.09.2026 | «Казахстанская нерудная компания» ЖШС «Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Жарлысай кен орнында шөгінді тау жыныстарын: құрылыс құмын өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспарына» Қоршаған ортаны қорғау бөлімі, рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы (рұқсат етілген шығарынды нормативі), қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, іс-шараларының жоспары жобалары бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 5 қазанда сағат 15.00-да Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кенесту а.о., Қалмаққырған станциясы, С. Бекниязова к-сі, 38, мектеп ғимараты мекенжайында өтеді. Әсер ету аумағы – Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кенесту а.о., Қалмаққырған станциясы. Кен орнының географиялық координаттары - 49° 14' 52.25" с.е.56° 48' 26.95" ш.б. Жобалық құжаттама пакетімен https://ndbecology.gov.kz/, https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy?lang=ru сайттарында танысуға болады. Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде https://ndbecology.gov.kz/ сайтында, сондай-ақ aktobe.uprrp@yandex.kz электрондық мекенжай бойынша қабылданады. Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме https://ndbecology.gov.kz/ сайтында және ЖАО сайтында ұсынылады https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy?lang=ru. Онлайн қосылуларға сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/87347992008?pwd=h8baWAZzvrIK95cB6vTy4lYWtzFrB6.1 Конференция идентификаторы: 873 4799 2008. Кіру коды: JsmYd3. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: laura13_88@mail.ru және 87085265393 телефоны. Жоба бастамашысы: «Казахстанская нерудная компания» ЖШС, БСН 150840000741, ҚР, Ақтөбе қ., Астана ауданы, Авиатор-2, №89 учаске, тел.: 87022866992, e-mail: info@mns.kz. Жобаны әзірлеуші: «Pegas oil company» ЖШС, БСН 140840007866, ҚР, Ақтөбе қ., Алматы ауданы, Балауса т.а., 704/7 үй, тел.: 87771679393, е-mail: marat_bekmukashe@mail.ru. |
| Жоба, Бақ, Стенд, Эфирлік анықтама | |
| 08.10.2026 | қоғамдық тыңдаулар өткізілген жоқ |