| 07.08.2026 |
«Фирма Ада Ойл» ЖШС-і ҚР Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес, 2026 жылы 14 қыркүйекте, сағат 10:00-де Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ а.о., Кеңқияқ а., Парковая к-сі 9 «б» (Мәдениет үйі) мекенжайында келесі тақырып бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өтетіндігін хабарлайды: 2027 жылға арналған «Фирма Ада Ойл» ЖШС-нің «Бәшенкөл» кен орнының объектілері үшін экологиялық рұқсат алуға өтінімдік жобалық құжаттары: «Фирма Ада Ойл» ЖШС-нің шығарындылары көздерінен атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларының рұқсат етілген нормативтерінің жобасы, қалдықтарды басқару Бағдарламасы, табиғатты қорғау іс-шараларының Жоспары, өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасы. Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Әсер ету аумағы: Кеңқияқ а., Бәшенкөл кен орнынан 18 км қашықтықта орналасқан, әсер ету аумағының географиялық координаттары (DD): 48.606 с.е. 57.113 ш.б. Учаскенің географиялық координаттары (DD): 48.2514 с.е., 57.1056 ш.б., 48.2656 с.е. 57.0926 ш.б., 48.2852 с.е., 57.1047 ш.б., 48.2859 с.е., 57.1146 ш.б., 48.2453 с.е., 57.1214 ш.б. Қоғамдық тыңдауға шығарылатын жобалық құжаттама пакетімен, сондай-ақ қоғамдық тыңдау өткізілгеннен кейін қоғамдық тыңдаудың ашық жиналысының жарияланған хаттамасымен «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» порталында (https://ndbecology.gov.kz/), сондай-ақ ЖАО сайтында танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy?lang=ru. Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар: - «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» https://ndbecology.gov.kz/ порталында; - «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің пошта мекенжайы бойынша: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40-үй, 6-қабат, сондай-ақ aktobe.uprrp@yandex.kz электрондық мекенжайында қоғамдық тыңдау өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады. Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдау онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» порталында (https://ndbecology.gov.kz/) және ЖАО сайтында ұсынылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy?lang=ru Онлайн қосылуларға сілтеме: - Темір ауданы Кеңқияқ ауылы бойынша: https://us04web.zoom.us/j/78209949649?pwd=g977XBgT8XTCzDrSm6ANPsyw6NtWA3.1 Идентификатор конференции: 782 0994 9649 Код доступа: 4Jr9LZ Тапсырыс беруші: «Фирма Ада Ойл» ЖШС-і, ҚР, Ақтөбе қ., 12 мөлтек аудан БЦ «Дастан» 2 үй, 6-7 қабаттары, тел.: 8(7132) 743095/96/97/98/99 (130), e-mail: office@adaoil.kz, БСН 050740002199. Орындаушы: «НПП Актобе-ЭКО» ЖШС, ҚР, Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 95 үй, №39 кеңсе. e-mail: Aktobe_eko@mail.ru, БСН 971140000145, тел: 87780074550. Қосымша ақпаратты келесі байланыс электрондық пошта мекенжайларына хабарласу арқылы: z.kaldigulova1508@yandex.ru және 87013877027 телефоны бойынша алуға болады.
|