Меню

Страницы

Статья

"КазГеоруд" ЖШС

Орналастыру күні Хабарландыру
30.07.2026

«ҚазГеоруд» ЖШС Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 11:00-де «Лиманное» кен орнын игерудің тау-кен жұмыстарының жоспары» (екінші кезек – жерасты тау-кен жұмыстары қоса алғанда) жобасы бойынша қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алу материалдары (ҚОҚҚ, ШРШ, ШРТ, ҚҚБ, ӨББ, ӨБББ) бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тамды ауылында және Амангелді нүктесінде ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізуге жарамды үй-жайлардың болмауына байланысты қоғамдық тыңдаулар Қопа ауылдық округінің Қопа ауылында мына мекенжай бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қопа ауылы, Мәншүк Мәметова көшесі, 22-үй.
Әсер етуі мүмкін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қопа ауылдық округі (Қопа ауылы, Тамды ауылы, Амангелді нүктесі).
Әсер ету аумағының географиялық координаттары:
49°49'25.09" с.е., 58°42'25.42" ш.б.;
49°49'29.61" с.е., 58°43'36.73" ш.б.;
49°47'40.43" с.е., 58°43'49.51" ш.б.;
49°47'43.31" с.е., 58°41'41.80" ш.б.
Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталдан https://ndbecology.gov.kz, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсынан https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy?lang=ru танысуға болады.
Ескертулер мен (немесе) ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Бірыңғай экологиялық портал арқылы, сондай-ақ aktobe.uprrp@yandex.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, сондай-ақ әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі.
Қоғамдық тыңдауларға қосылу сілтемесі:
https://us05web.zoom.us/j/81215385692?pwd=Fzt2jUWbyvD5hFjJoES40AbgGbnVpr.1
Конференция идентификаторы: 812 1538 5692
Қол жеткізу коды: 48meVh
Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың шешімі бойынша ашық жиналысты өткізу мерзімі қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Жоспарланып отырған қызметтің операторы: «ҚазГеоруд» ЖШС, БСН 050640010572, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Маресьев көшесі, 4Г үй, тел.: +7 (702) 333-24-55.
Жобаны әзірлеуші: «Tau Engineering and Consultants» ЖШС, БСН 030540007753, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 5-үй, 13 тұрғын емес үй-жай, тел.: +7 (701) 705-05-80.
Жергілікті атқарушы орган: Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, e-mail: aktobe.uprrp@yandex.kz.
Жоспарланып отырған қызмет, қоғамдық тыңдауларды өткізу, сондай-ақ осы қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін алу туралы қосымша ақпарат алу үшін +7 (771) 554-29-17 телефоны немесе gulzira.m@tauengineers.com электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

  Жоба, Жоба 2, Бақ, Стенд, Эфирлік анықтама
30.09.2026 Хаттама
  https://youtu.be/nuSPepT-sJU
Дата публикации
29 июля 2026
Дата обновления
30 сентября 2026
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
«QazCement Industries» ЖШС 3907
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"OIL RELOADING CORP" ЖШС
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"Коктас" АҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы