Меню

Страницы

Статья

Жануарлар дүниесі.

Балық шаруашылығы

 

Облыс аумағында 96 балық шаруашылығы су айдындары бар, оның 65 су айдыны табиғат пайдаланушыларға бекітілді.

Ақтөбе облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес төмендегі балық өсіру көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарлануда:

  • жабық құрылғыда өсіру – 6000 тн «Мұрагер-22» ЖШС;
  • шарбақта – 3 420 тн (Қарғалы су қоймасы-1800 тн, Ойсылқара су қоймасы-800 тн, Бурановский 2 карьері -240 тн, Чугаевский 2 карьері -240 тн, Бадамша су қоймасы -200 тн, Тайкеткен су қоймасы-120тн, Қызылсу су қоймасы -100 тн, Кемпірсай карьері -80 тн);
  • тоған шаруашылығында – 480 тн «Ардағым» ШҚ;
  • көл-тауарлы балық шаруашылығында – 450,6 тн (34 су айдыны).

2030 жылы барлығы 10 350,6 тонна көлемінде тауарлы балық өндіру жоспарлануда.

Бағдарлама бойынша "Мұрагер-22" ЖШС инвестициясы – 2 940,0 млн. теңге, қуаты жылына 15 млн.дана африкалық жайын және карп шабақтарын өсіретін балық тәлімбағын салу қарастырылған.

Сонымен қатар, тәулігіне қуаты 5 тонна дайын азық өнімін шығаратын балық өңдеу цехы құрылысы жоспарлануда. Инвестиция соммасы – 3,5 млрд теңгені құрайды.

 

Аңшылық шаруашылығы

 

            Қазіргі таңда облыс аумағында 53 аңшылық шаруашылығы бар, оның ішінде 28 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітілген.

Соның ішінде, Ақтөбе облыстық аңшылар және балықшылар ұйымы ҚБ – 12 аңшылық алқаптары (Қандағаш, Зеленый Дол, Қарабұтақ, Сабанкөл, Ақтөбе, Құмсай, Тасөткел, Кемер, Айрық, Талдысай, Жұрын, Алға),  «Мерген ЛТД» ЖШС – 1 аңшылық алқабы (Мәртөк), «Aqtobe hunting» ЖШС – 1 аңшылық алқабы (Комсомол), «ТНК Казхром» АҚ Дөң КБК филиалы – 1 аңшылық алқабы (Хромтау), «Қопа» аңшылар және балықшылар ұйымы – 1 аңшылық алқабы (Қопа), ЖК «Ақмерей» - 1 аңшылық алқабы (Гусевское), «Бұйра» ЖШС – 1 аңшылық алқабы (Жекенді), «Ай Ауылым» ЖШС – 2 аңшылық алқаптары (Шошқакөл, Доңызтау), «Ақ Тұлпар» Ақтөбе облыстық аңшылар және балықшылар ұйымы – 5 аңшылық алқаптары (Родниковское, Қосарал, Қалыбай, Тасқопа, Тымабұлақ), «Жарық» Ш/Қ – 3 аңшылық алқаптары (Аққұм, Басқұдық, Мамыт) бекітілді.

Қалған 25 аңшылық алқаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес gosreestr.kz веб-порталында электрондық негізде конкурсқа шығарылып, табиғат пайдаланушыларға бекітілетін болады.

Дата публикации
16 октября 2020
Дата обновления
16 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
«QazCement Industries» ЖШС 3907
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"OIL RELOADING CORP" ЖШС
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"Коктас" АҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы