Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысының экологиялық жағдайы және ластануды азайту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат

Ақтөбе облысы өндірістік дамыған аймақ ретінде қоршаған ортаға белгілі бір ауыртпалық түсіріп отыр. Сондай-ақ, аймақта бірқатар тарихи экологиялық проблемалар бар, мысалы, облыстағы су қоймаларының ластануы және нашарлауы, қалдықтардың жиналуы және т.б.

Ақтөбе облысында І санаттағы 185 кәсіпорын бар. Мұнай-газ кәсіпорындары - 57 (29%), тау-кен өндірісі - 47 (26%), коммуналдық қызметтер - 8 (4,4%), металлургия - 2 (1,1%), ауыл шаруашылығы - 7 (4%) ), басқалары-64 (35,5%).

2018 жылы облыстық мәслихаттың шешімімен 2018-2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштері әзірленіп, бекітілді, оларды жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспары құрылып, төмендегі жұмыстар атқарылды:

- кәріз жүйесін қайта жаңғырту және жөндеу,

- өндірістік шығарындыларды жергілікті тазарту жүйелерін қондыру,

- қалдық жинағыштарды жою,

- ҚТҚ қайта өңдеуді сұрыптауды дамыту, аудан орталықтарында полигондар салу,

- көлік ағынын басқару жүйесін жетілдіру, автокөліктерді газ отынына ауыстыруға жағдай жасау,

- көгалдандыру жұмыстарының көлемін арттыру.

 «Ақбұлақ» АҚ жағдайды тұрақтандыру үшін КСС (кәріздік сорғы станциялары) және қала құдықтары мен ТҚК-да (тазарту қондырғыларының кешені) канализациялық иістермен күресудің бірқатар шараларын қабылдады.

Көптеген жылдар бойы Елек өзенінің бор және алты валенттік хромның химиялық қосылыстарымен ластану мәселесі өз шешімін таба алмай келді. Өзеннің бормен тарихи ластануының себебі бұрынғы Киров атындағы Алға химиялық зауытының қалдықтары болып табылды, алты валентті хроммен ластау көзі Ақтөбе хром қосылыстары зауытының жұмысы нәтижесінде пайда болды.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің желісімен бұрынғы Алға химиялық зауытының қалдықтарын жою бойынша жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Жобаны 2020 жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржыландыру  мақұлданды.

Елек өзенін алты валентті хромнан тазарту мәселесі ашық күйінде қалып отыр (Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі).

Жағдайы нашарлап бара жатқан аймақтағы тағы бір су объектісі – Шалқар ауданындағы Шалқар көлі. Шалқар көлінің түбін тазартудың техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды, осы жылы жұмыс жобасы әзірленуде.

 

2017 жылдан бастап Ақтөбе қаласында қоқыс сұрыптау кешені жұмыс істейді. Қалдықтарды олардың пайда болған жерінде сұрыптау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Қаланың контейнерлік алаңдарында пластик ыдыстарды бөлек жинауға арналған 140 торлы контейнерлер қойылды. Әйнек және макулатура жинауға контейнерлер орнатылды.  

Облыс орталығында шыны, картон, алюминий банкалары, макулатура, пластик бөтелкелер, полиэтилен қабылдау жүргізілетін екінші шикізатты қабылдаудың үш пункті ашылды.

Бұл қайта өңдеу көлемінің пайда болған ҚТҚ жалпы көлемінің 11,7% дейін артуына мүмкіндік берді.

Облыс бойынша 55,2 млн тонна өндірістік қалдық пайда болып, оның 5,9 млн тоннасы (10,7%) қайта өңделді. Өндірістік қалдықтардың негізгі көлемін аршынды және тасты жыныстар (52,6 млн тонна) құрайды. («Коппер технолоджи» ЖШС «Актюбинская медная компания» ЖШС 52,6 млн.тн. қалдық).

Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыс жалғасады.

Дата публикации
17 сентября 2013
Дата обновления
15 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
«QazCement Industries» ЖШС 3907
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"OIL RELOADING CORP" ЖШС
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"Коктас" АҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы