Меню

Страницы

Статья

Орман қоры

Ақтөбе облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 215814 га, оның ішінде орманмен көмкерілгені 49539 га. Өткен жылғымен салыстырғанда орманмен көмкерілген алқап 762 гектарға артып отыр.

         Қазіргі таңда облыс әкімдігіне қарасты 7 орман шаруашылығы бар және 367 адам жұмыс жасауда. Мемлекеттік орман қорының жерлері Байғанин ауданын басқа барлық ауданда орналасқан.

Орман мекемелерінің негізгі қызметі ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру.

Қазіргі таңда жалпы ауданы 50,8 га алқапты құрайтын 7 орман тәлімбағы жұмыс жасауда. Тәлімбақтарда жыл сайын 3,5 млн. түп екпе-көшеттер өсірілуде. Өсірілген екпе-көшеттер мемлекеттік орман қоры жерлеріне орман отырғызуға, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыруға қолданылып келеді.

         Орман мекемелері орман орналастыру жобасына сәйкес, жыл сайын 927 га алқапқа орман отырғызып келеді. Ағымдағы жылы жоспарды артығымен орындап, 1131 га алқапқа орман екпелері отырғызылды.  

         Орман мекемелерімен атқарылып жатырған тағы бір маңызды жұмыстардың бірі – ормандардың санитарлық жағдайын қадағалау, орман ауруларымен және зиянкестерімен күресу.

         Аталған мақсатта ормандардағы қураған ағаштарды кесіп шығару, санитарлық бақылау және улау жұмыстары жүргізілуде.

         Сонымен қатар, жыл сайын көктем және күз айларында орман патологтарымен орман аурулары мен зиянкестеріне бақылау жүргізіледі. Алынған қорытындыға сәйкес ормандарды түрлі дәрілермен өңдеу жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде ормандарда және қала аумағында көптеп кездесетін ильмалық жапырақжегіштер айтарлықтай азайды.

Дата публикации
28 сентября 2020
Дата обновления
28 сентября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
«QazCement Industries» ЖШС 3907
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"OIL RELOADING CORP" ЖШС
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"Коктас" АҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы