Меню

Страницы

Статья

"КазКлэй" ЖШС

Орналастыру күні Хабарландыру
20.08.2025

«КазКлэй» ЖШС «Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы Қызылсай 1 кен орнында шөгінді тау жыныстарын: отқа төзімді сазды өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспарына» Қоршаған ортаны қорғау бөлімі, рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы (рұқсат етілген шығарынды нормативі), қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, іс-шараларының жоспары жобалары бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар 2025 жылғы 19 қыркүйекте сағат 15.00-де Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Әлімбетов а. о., Әлімбет а., Қазақстан к-сі, 74, ауылдық клуб ғимараты мекенжайы бойынша өтеді.
Жобалық құжаттама пакетімен https://ndbecology.gov.kz/, https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy?lang=ru сайттарында танысуға болады.
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде https://ndbecology.gov.kz/ сайтында, сондай-ақ expert_oos@mail.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме https://ndbecology.gov.kz/ сайтында және ЖАО сайтында ұсынылады https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy?lang=ru.
Онлайн қосылуларға сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/85859902602?pwd=oRzidL0V93DDDzx8KlhtZLS7mw1C0w.1.
Конференция идентификаторы: 858 5990 2602. Кіру коды: 6YeGYm.
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: laura13_88@mail.ru және 87085265393 телефоны.
Жоба бастамашысы: «КазКлэй» ЖШС, БСН 230240036867, ҚР, Ақтөбе қ., Астана ауданы, Жеңіс даңғылы, 3 үй, 18 пәтер, тел.: 87055479609, e-mail: nedra.82@mail.ru.
Жобаны әзірлеуші: «PEGAS OIL COMPANY» ЖШС, БСН 140840007866, ҚР, Ақтөбе қ., Алматы ауданы, Балауса т.а., 704/7 үй, тел.: 87771679393, е-mail: marat_bekmukashe@mail.ru.

Әсер ету аумағы – Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Әлімбетов а. о., Әлімбет а., географиялық координаттары – 50°59′40″ с.е. 58°25′45″ ш.б.
Қызылсай 1 кен орнының географиялық координаттары - 51° 03' 58,73" с.е. 58° 28' 01,90" ш.б.

 

  Проект, Сми, Стенд, Эфирная справка
25.09.2025 хаттама
  https://youtu.be/EADIEyMm0XY 
Дата публикации
20 августа 2025
Дата обновления
25 сентября 2025
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
«QazCement Industries» ЖШС 3907
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"OIL RELOADING CORP" ЖШС
Тұрғындарға арналған ақпарат
21 октября 2026
"Коктас" АҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы