| Орналастыру күні | Хабарландыру |
| 17.05.2024 |
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Ақтөбе облысы бойынша экология департаментіне бастамашы – «Урихтау Оперейтинг» ЖШС жоспарланып отырған қызмет туралы өтініш келіп түскенін хабарлайды. Көзделіп отырған қызмет : «Өріктау ДНС-нан Әлібекмол ЦПНГ-ға дейінгі мұнай құбыры» жұмыс жобасы: қырғышты қабылдау камералары және дренаждық сыйымдылығы бар, мұнай айдаудың блоктық сорғы станциясы бар ұзындығы 26,6 км мұнай құбырын (оның ішінде 6 желілік бекіткіш арматура алаңын) салуды көздейді. Съездердің құрылысы да қарастырылған. Өтінішпен сайттарда танысуға болады https://ecoportal.kz/ "жария талқылаулар" айдарында, https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-aidalanuy/activities/directions?lang=ru ("қоғамдық талқылау" бөлімі). Жұртшылық көзделіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз ескертпелері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауды Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті электрондық мекен-жайға жүзеге асырады aktobe-ecodep@ecogeo.gov.kz. Байланыс ақпараты: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 1 (кеңсе), тел.: 8(7132)74-21-73. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі 13.05.2024 – 12.06.2024 жж. |
| Заявление о намечаемой деятельности | |
| 06.06.2024 | Хаттама |