Жергілікті деңгейде мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру барысы туралы ақпарат

 

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару 

Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу саласында 19 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, облыс орталығында қайталама шикізатты қабылдаудың 5 пункті жұмыс істейді.

Облыс елді мекендерінде қалдықтарды көмуге арналған орындар белгіленген.

Алайда, полигон статусы тек 15 орынға ғана берілген (Ақтөбе, Алға, Хромтау, Шалқар, Мәртөк, Қобда, Қарауылкелді, Кеңкияқ). Олардың ішінде: 8 - коммуналдық,1 - жеке меншік, 6 – вахталық кенттерді қамтамасыз ететін және халықтан ҚТҚ қабылдайтын жер қойнауын пайдаланушылар полигондары.

Қалған елді мекендердегі қалдық көму орындары рұқсат етілмеген қоқыс орны болып табылады.Ағымдағы жылы ҚТҚ полигондарын салу бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде.

Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында ҚТҚ полигон құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы (05.03.2025ж. № 04-0056/25) алынды. Сметалық құны – 694,7 млн теңге.

Қарғалы ауданы Бадамша ауылында ҚТҚ полигон құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы (03.12.2025ж. № 04-0286/25) алынды. Сметалық құны – 871,5 млн теңге.

2025 жылы Ойыл ауданында ЖСҚ әзірлеуге 36,0 млн теңге бөлінді. Әйтеке би ауданында Т.Жүргенов және Қарабұтақ кенттеріндегі ҚТҚ полигондары үшін ЖСҚ әзірлеуге 30, 0 млн теңге.

Мұғалжар ауданының Ембі қаласындағы ҚТҚ алаңының құрылысы аяқталуда. Жоба 216 м2 ангарды орналастыра отырып, ҚТҚ алаңын салуды көздейді, онда ҚТҚ сұрыптау және қайта өңдеу пунктін одан әрі құру жоспарлануда.

2025 жылы ғарыштық мониторинг желісі бойынша 155 стихиялық қоқыс орны анықталды, олардың 142 (91,6%) жойылды. Қалған қоқыс орындары бойынша жұмыстар жалғасуда.

Халық үшін ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес тарифтер Ақтөбе қаласында және 12 ауданда.

Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Хромтау және Шалқар аудандарында коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламалары мәслихаттармен әзірленіп, бекітілді.

 

Экологиялық реттеу

2025 жылы 476 қоғамдық тыңдау, оның ішінде 284 ашық жиналыс, 192 көпшілік талқылау нысанында өткізілді.

2025 жылы 608 өтінім материалы қаралды, оның ішінде  84 экологиялық рұқсат берілді және 157 жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы өткізілді. Ұсынылған 362 өтінім IV санаттағы объектіге жатады. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 87-бабына сәйкес IV санаттағы объектілер міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатпайды, 5 өтінім Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмегендіктен бас тартылды.

2025 жылы жоспарланған қызмет туралы 285 өтініш түсті.

2025 жылы жоспарланған қызмет туралы 472 хабарландыру жарияланды.

2025 жылы шаруашылық субъектілерінен әсер етуге арналған  114 декларациялар қабылданды.

 

Су ресурстары

2024 жылғы су тасу маусымында орын алған төтенше жағдай салдарынан 2024-2025 жылдары облыстың 5 ауданында (Әйтеке би, Темір, Ойыл, Қобда, Ырғыз) 18 бөгетті жөндеу мен құрылысын салу және 1 өзен жағасын бекіту  жұмыстары жүргізілді.

         Көктемгі су тасқыны кезеңінде 57,3 млн теңгеге 16 арнайы техникалар жалға алынып тиісті жұмыстар атқарылды. 

Бөгеттерді тексеру барысында, коммуналдық меншіктегі 174 бөгеттің 64 қанағаттанарлықсыз жағдайда екендігі анықталды. Ағымдағы жылы «Ақтөбе облысының гидротехникалық  құрылғыларға қызмет көрсету мекемесі» КММ мен аудан әкімдіктері, демеушілер тарапынан 14 бөгетке (Алға-2, Мұғалжар-1, Қобда-4, Әйтеке би-2, Ырғыз-5) жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайдағы бөгеттердің саны 50 жеткізілді.

«Ақтөбе облысының гидротехникалық  құрылғыларға қызмет көрсету мекемесі» КММ техникалық қамтамасыз ету бойынша 84,7 млн теңгеге 1  жерсорғыш снаряд (земснаряд)  сатып алынып, Сазды өзенінде (Әбілқайыр хан даңғылы көпірінен Сәңкібай батыр даңғылы көпіріне дейінгі аралығын қамыстардан тазарту) санация жұмыстары жүргізілді.

Аталған мекемеге облыс аумағында гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау, жөндеу жұмыстарын атқару үшін 72 бірлік арнайы техникалар мен құрылғылар қажет. Облыстық бюджеттен 9 арнайы техникалар сатып алу үшін 355,0 млн тг бөлініп, қонкурстық рәсімдерді жүргізуге құжаттар дайындалуда.

Бұдан бөлек, лизинг арқылы 18 арнайы техникаларды 952,5 млн теңгеге алу қажеттілігі туындап отыр.

Лизинг бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ресми хат жолданып, ресми қолдау алынды.

ҚР су саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, өңірде 2 жаңа су қоймасының, атап айтқанда Ақтөбе қаласындағы Жаман-Қарғалы өзенінде «Өлке»  су қоймасының (9,4 млн м3)  және Хромтау, Мұғалжар аудандары аумағынан өтетін Ор өзенінде «Жамбыл» су қоймасының (60,3 млн м3) құрылыстарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

«ҚазСушар» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалынан, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қарыздары есебінен салынған  І - кезеңдегі су шаруашылық нысандарын теңгерімнен-теңгерімге қабылдау мақсатында 12 жоба бойынша 43 су шаруашылығы нысандары облыстық коммуналдық меншік теңгеріміне алынды.

Қабылданған нысандар  Қарғалы аудандық әкімдігінің теңгеріміне 23 нысан, Қобда ауданы әкімдігінің теңгеріміне 12 нысан берілді.

 

Балық шаруашылығы

Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға бөлінген субсидия көлемі 62 210 000,0 млн тг. Жалпы саны 8  өтініш келіп түсті 4 322 931 млн тг. көлемінде субсидия қолдау тапты.

2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды  субсидиялау және инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге 15,0 млн теңге қарастырылды, өтініш түспеді.

2025 жылдың 12 айы бойынша балық аулау лимитіне сәйкес, 136,914 тонна балық ауланды, 9,6 млн теңге көлемінде қаражат бюджетке түсірілді.

 

 

 

Жануарлар шаруашылығы

Ақтөбе облысының аумағында барлығы 53 аңшылық алқабы бар, олардың ішінен 52 аңшылық алқабы табиғатты пайдаланушыларға бекітіліп берілді. 2025 жылдың  12 айы бойынша жануарларды аулау лимитіне сәйкес, 88 158 дана жануарларды аулауға рұқсат беріліп, 19,1 млн теңге көлемінде қаражат бюджетке түсірілді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

         Ақтөбе облысының аумағында 2010-2020 жылдар кезеңінде 7 (Эбита, Оркаш, Көкжиде-Құмжарған, Мәртөк, Қобда, Озерный, Ойыл) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (қаумал) құрылды. 2025 жылы қосымша 2 ерекше қорғалатын табиғи аумақ (Бершоғыр, Сазды) құрылды және «Көкжиде-Құмжарған» қаумалының аумағы кеңейтілді. Техникалық-экономикалық негіздемелері дайындалып, экологиялық сараптамалар алынды. Облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіліп, төлқұжаттары (паспорт) ҚР Су шаруашылығы комитетінде тіркелді. Бүгінгі таңда, ЕҚТА-ның жалпы аумағы 665 766 га құрайды.

 

Орман шаруашылығы саласы бойынша

Ақтөбе облысы бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғау саласында 9 мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі жұмыс жасауда. Мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы – 254,5 мың га (оның ішінде орманмен көмкерілген алқап – 62,3 мың гектар).                        Орман шаруашылығы жанынан 9 орман тәлімбағы (жалпы ауданы 244 га, соның ішінде 18,5 га 2025 жылы қосылды) жұмыс істейді. Бұл тәлімбақтарда жыл сайын 11 млн түп екпе материалдары өсіріледі.

Орман шаруашылығы саласында және елді мекендерге ағаш отырғызу жұмыстары бойынша:

         Мемлекет басшысының орман алқабында 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша 2021-2027 жылдары 35,1 мың га алқапқа 64,7 млн түп орман екпелерін отырғызу жоспарланды.

         Анықтама үшін: 2021-2024 жылдары 30,1 млн түп (45,5%) ағаш отырғызылды.

         2025 жылға 8,6 мың га алқапқа 18,5 млн түп орман екпелерін отырғызу жоспарланып, ағымдағы жылғы нақты деректерге сәйкес 8 822 гектар алқапқа 15,445 млн дана орман екпелері отырғызылды. Сонымен қатар, 3,171 млн дана орман екпелерімен толықтыру орындалып, жалпы көлемі 18,616 млн дана екпе материалы отырғызылды. Республика бойынша елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу тапсырмасы аясында 2021-2025 жылдары облыс бойынша 500 мың түп ағаш отырғызу жоспарланып, толық көлемде орындалды.

         

Өртке қарсы іс-шаралар бойынша:   

2025 жылы орман өрттеріне қарсы күрес жөніндегі орман мекемелерінің орындаған жұмыстары: минералды жолақтар салу – 1005 км, минералданған жолақтарға күтім жасау – 24525 км, өрт маңызы бар жолдарды  жөндеу –  202 км, өртке қарсы тақырыпта аншлагтарды орнату – 34 дана, газеттер мен журналдарда жарияланымдар саны - 24 материал, теледидпардан көрсетілімдер саны – 9, мекемелер мен оқу орындарында жүргізілген лекциялар мен сабақтар саны - 135, 462 дана - үнпарақтар, 252 дана - ауылшаруашылық құрылымдарға ескертпе берілді, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, жағдай саны – 3, материалдық жауапкершілікке тартылған тұлғалар - 3 адам. 

          Орман шаруашылығы мекемелерімен нақты аумақтарда, учаскелер мен алаңдарда ормандағы және даладағы өрттердің алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды орындауды күшейтілген түрде жүргізілді.

 

Биологиялық алуантүрлілік және жануарлар дүниесі

 

Облыс аумағында 62 сүтқоректі жануарлар және 214 құстүрлері кездеседі, олардың ішінде 35 сүтқоректі жануарлар және 80 құcтардың аңшылық-кәсіпшілік түрлері бар. 10 аң және 35 құс түрлері ҚР Қызыл Кітабына енгізілген.

Қазіргі жағдайда көптеген жабайы жануарлардың түрлері тұрақты және аса қауіп тудырмайды. Қазіргі уақытта кәсіпшілік аң аулау жүргізілмейді.

Ақтөбе облысы аумағының оңтүстігінде Үстірт киік популяциясы, оңтүстік-шығыс бөлігінде Бетпақдала популяциясы және батысында шағын топтармен Орал киік популяциясы мекендейді.

Облыс аумағында киіктердің шаруа қожалықтары мен жеке ауылдардың малдарына араласуы немесе жайылымдарды таптауы, үй жануарларын суару үшін пайдаланылатын әртүрлі су объектілерінің маңында шоғырлану немесе зиян келтіру жөнінде бірде бір дерек тіркелген жоқ. Киіктер керісінше елді мекендерден қашық жүреді.

Қазіргі таңда облыс аумағында киіктердің жай-күйі тұрақты, оларға мониторинг және бақылау, қорғау іс-шаралары жоспарға сай жүргізілуде. 

2025 жылғы сәуір айында РМК «Охотзоопром» және ҚБ «АСБК» ұйымдарының қатысуымен киіктердің авиаесебі жүргізілді. Авиаесептің алдын ала нәтижелері бойынша киіктердің санына камералдық қорытынды жасалынып 2025 жыл жағдайына облыс бойынша шамамен 383,0 мың басты құрады.

Қазіргі күнде аң шаруашылығын жүргізудің басты бағыты - суда жүретін жабайы құстарға, қояндарға әуесқойлық аң аулауды ұйымдастыру және  қабан шошқасы мен еліктерді мейлінше аз мөлшерде заңды түрде аулау болып табылады.

Ақтөбе облысының аумағында барлығы 53 аңшылық алқабы бар, олардың ішінен 52 аңшылық алқабы табиғатты пайдаланушыларға бекітіліп берілді. 2025 жылдың  12 айы бойынша жануарларды аулау лимитіне сәйкес, 88 158 дана жануарларды аулауға рұқсат беріліп, 19,1 млн теңге көлемінде қаражат бюджетке түсірілді.

Облыс аумағында жергілікті маңызы бар 134 балық шаруашылығы су айдыны бар (оның ішінде, 25 өзен, 32 көл, 9 су қоймасы, 68 тоған) оның ішінде 93 су айдыны бекітілген (оның ішінде; көл-тауарлы балық шаруашылығын жүргізу үшін - 48, кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін - 26, спорттық-әуесқойлық балық аулауды жүргізу үшін - 11, торлы қоршамада балық өсіру үшін - 8).

Ақтөбе облысының балық шаруашылығы су айдындарына балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау лимиті 2025 жылдың           1 шілдесі мен 2025 жылдың 31 желтоқсаны аралығында 218,38 тоннаны құрады, пайдаланушылар 136,914 тоннаны игерді, яғни 62,7 %.

2024жылыАқтөбеоблысыныңбюджетіненсубсидиялауға(Жем, балық отырғызуматериалдарыжәне т.б.)47млн. теңгебөлінді,жылқорытындысы бойынша 6,1млн. теңгеигерілді.2025жылыоблысәкімініңқаулысымен10,1млн.теңгесомасынасубсидиялаукөлемі(Жем, балық өсіру-биологиялықнегіздеме, балық отырғызуматериалдарыжәне т. б.) бекітілді.

Дата публикации
10 апреля 2026