2025 жылғы 26 қыркүйек сағат 11:00-де Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуі Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы 31 Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде өткізіледі, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен облыс әкімдігінің ресми парақшаларында («Facebook», «YouTube») ұйымдастырылады.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) 11:00 - 11:50 - азаматтарды жеке қабылдау;
2) 12: 00 - 13: 00 - коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
3) 13:30 - 14:00 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Жеке қабылдауға жазылу 2025 жылғы 25 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Кездесуге жазылу үшін ұялы тел. 8 (701) 100-44-66 арқылы хабарласуды және сұрақтарыңызды алдын-ала WhatsApp нөмірге немесе электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz жолдауды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және сұрақ қоюға шақырамыз.