Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының

 күші жойылды деп тану туралы

 

           «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                         27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Күші жойылды деп танылсын:

1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4975 тіркелген) қаулысы;

2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 2 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8307 болып тіркелген).

  1. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
11 августа 2025