«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақтөбе орман шаруашылығы» КММ мемлекеттік орман қоры жерін 49 жыл ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша төмендегідей мақсаттардағы лоттарға сәйкес тендер өткізілетіндігін жариялайды:
№ 1 лот ауданы – 0,5 га – екпе материалдарын және арнайы мақсаттағы плантациялық орман екпелерін өсіру үшін;
№ 2 лот ауданы – 0,9 га – мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін.
Тендерлік құжаттар пакетін электрондық және қағаз нұсқасында 2019 жылдың - 06 мамыры жергілікті сағат 14-00-ге дейін, келесі мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, кабинет 620 , сағат 9-00-ден 18-00 аралығында алуға болады.
Тендерге қатысу үшін тендерлік өтінімдер конвертке салынып әлеуетті орман пайдаланушылармен «Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не келесі мекен-жай бойынша беріледі: Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 620 кабинет.
Тендерлік өтінімді тапсырудың соңғы мерзімі – 2019 жылдың 06-мамыр жергілікті сағат 17-00 дейін.
Тендерлік құжаттамалары бар конверттер 2019 жылдың 08-мамырында, жергілікті сағат 16-00-де келесі мекен-жайда ашылады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 кабинет 620. Тендерге қатысушылар конкурстық өтінімдерді бар конверттердің ашылу сәтіне қатыса алады.
Тендерлік комиссия келесі мекен-жайда орналасқан: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 кабинет 620.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефон номерлері арқылы алуға болады: 8(7132) 59-51-32, факс: 8(7132) 55-09-34