«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ мемлекеттік орман қоры жерін 49 жыл ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша төмендегідей мақсаттардағы лоттарға сәйкес тендер өткізілетіндігін жариялайды:
№ 1 лот ауданы – 10,5 га – мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін;
№2 лот ауданы – 4 га – бау-бақша және орман тәлімбағын өсіру үшін;
№3 лот ауданы – 6 га – спорттық мақсатта пайдалану үшін;
№4 лот ауданы – 2,5 га – орман тәлімбағын өсіру үшін.
Лоттың толық сипаттамасы тендерлік құжаттамада келтірілген.
Тендерлік құжаттар пакетін электрондық және қағаз нұсқасында 2017 жылдың 28-желтоқсаны жергілікті сағат 14-00-ге дейін, келесі мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, кабинет 620 , сағат 9-00-ден 18-00 аралығында алуға болады.
Тендерге қатысу үшін тендерлік өтінімдер конвертке салынып әлеуетті орман пайдаланушылармен «Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не келесі мекен-жай бойынша беріледі: Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 620 кабинет.
Тендерлік өтінімді тапсырудың соңғы мерзімі – 2017 жылдың 28-желтоқсаны жергілікті сағат 17-00 дейін.
Тендерлік құжаттамалары бар конверттер 2017 жылдың 29-желтоқсанында, жергілікті сағат 16-00-де келесі мекен-жайда ашылады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 кабинет 620. Тендерге қатысушылар конкурстық өтінімдерді бар конверттердің ашылу сәтіне қатыса алады.
Тендерлік комиссия келесі мекен-жайда орналасқан: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 кабинет 620.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефон номерлері арқылы алуға болады: 8(7132) 59-51-32, факс: 8(7132) 55-09-34