«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ мемлекеттік орман қоры жерін 49 жыл ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша төмендегідей мақсаттардағы лоттарға сәйкес тендер өткізілетіндігін жариялайды:
№ 1 лот ауданы – 0,5 га – ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін;
№ 2 лот ауданы – 12 га – спорттық мақсаттары үшін;
«Мәртөк орман шаруашылығы» ММ мемлекеттік орман қоры жерін 49 жыл ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша:
№3 лот ауданы – 2,3 га – мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін;
Лоттың толық сипаттамасы тендерлік құжаттамада келтірілген.
Тендерлік құжаттар пакетін электрондық және қағаз нұсқасында 2017 жылғы 22 тамызға дейін жергілікті сағат 14-00-ге дейін, келесі мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 620 кабинет, сағат 9-00-ден 18-00 аралығында алуға болады.
Тендерге қатысу үшін тендерлік өтінімдер конвертке салынып әлеуетті орман пайдаланушылармен «Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не келесі мекен-жай бойынша беріледі: Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 620 кабинет.
Тендерлік өтінімді тапсырудың соңғы мерзімі – 2017 жылдың 22 тамызы жергілікті сағат 17-00 дейін.
Тендерлік құжаттамалары бар конверттер 2017 жылдың 23 тамызында, жергілікті сағат 16-00-де келесі мекен-жайда ашылады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 кабинет 624. Тендерге қатысушылар конкурстық өтінімдерді бар конверттердің ашылу сәтіне қатыса алады.
Тендерлік комиссия келесі мекен-жайда орналасқан: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 кабинет 620.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефон номерлері арқылы алуға болады: 8(7132) 59-51-32, факс: 8(7132) 55-09-34