«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ мемлекеттік орман қоры жерін 49 жыл ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша төмендегідей мақсаттардағы лоттарға сәйкес тендер өткізілетіндігін жариялайды:
№ 1 лот ауданы – 10 га – мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін;
№2 лот ауданы – 5 га – бау-бақша, басқадай ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін;
№3 лот ауданы – 3,6 га – плантациялық орман өсіру үшін;
№4 лот ауданы - 36 га – плантациялық орман өсіру үшін.
«Қобда орман шаруашылығы» ММ мемлекеттік орман қоры жерін 49 жыл ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша:
№5 лот ауданы - 12,5 га - аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін
Лоттың толық сипаттамасы тендерлік құжаттамада келтірілген.
Тендерлік құжаттар пакеттін электрондық және қағаз нұсқасында 2017 жылдың 19-сәуірі жергілікті сағат 14-00-ге дейін, келесі мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, кабинет 620 , сағат 9-00-ден 18-00 аралығында алуға болады.
Тендерге қатысу үшін тендерлік өтінімдер конвертке салынып әлеуетті орман пайдаланушылармен «Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не келесі мекен-жай бойынша беріледі: Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 620 кабинет.
Тендерлік өтінімді тапсырудың соңғы мерзімі – 2017 жылдың 19-сәуірі жергілікті сағат 17-00 дейін.
Тендерлік құжаттамалары бар конверттер 2016 жылдың 20-сәуірінде, жергілікті сағат 16-00-де келесі мекен-жайда ашылады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 кабинет 624. Тендерге қатысушылар конкурстық өтінімдерді бар конверттердің ашылу сәтіне қатыса алады.
Тендерлік комиссия келесі мекен-жайда орналасқан: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 кабинет 620.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефон номерлері арқылы алуға болады: 8(7132) 59-51-32, факс: 8(7132) 55-09-34