Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі – Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3254 тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«Өзендер» деген бөлім осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес реттік нөмірлері 14, 15, 16, 17, 18, 19 жолдармен;
«Су тоғандар» деген бөлім осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес реттік нөмірлері 33, 34, 35 жолдармен толықтырылсын.
Бұл нормативтік құқықтық акті tabigat.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2020 жылғы 11 шілдедегі № 75 «Ақтөбе» және 2020 жылғы 11 шілдедегі № 75 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 1608/РПП04 ескертусіз қорытындысы берілді.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 01-2/66 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында 2020 жылдың 5 тамызда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2020 жылдың 19 тамызда аяқталды. Есептемені қарау 86 бірлік.

Дата публикации
12 октября 2020