Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерді, бірегей эталондық аймақтарды және тұтастай табиғи экожүйелерді сақтаудың тиімді шарасы ретінде әлемдік қауымдастық ретінде танылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар табиғи мекендеу орындарын сақтау арқылы биоалуантүрлілікті сақтау мен қалпына келтірудің негізгі мәселелерін шешеді.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 5 жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызмет етеді:

  1. 2010 жылы 19 ақпанда Қарғалы ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы - 83 770 га «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.  (5 штат бірлік).
  2. 2012 жылы 12 желтоқсанда Мұғалжар  ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы - 33 395 га «Орқаш» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.              
  3. 2013 жылы 23 қаңтарда Мұғалжар  ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы – 43 977  га «Көкжиде-Құмжарған» мемлекеттік табиғи  кешені қаумалы құрылды.
  4. 2017 жылы 6 желтоқсанда Мәртөк  ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы –      133 796  га «Мәртөк» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.
  5. 2017 жылы 6 желтоқсанда Қобда  ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы – 34 655  га «Қобда» мемлекеттік табиғи  қаумалы құрылды.

Алдағы жылы Әйтеке би ауданының аумағында жалпы алаңы-145 553 гектар «Озерный» мемлекеттік табиғи қаумалын құру жоспарлануда.

Дата публикации
29 сентября 2020