Жергілікті деңгейде экологиялық саясатты іске асыру барысы туралы ақпарат
Су шаруашылығы Облыс аумағында жалпы 206 ГТҚ бар, оның ішінде 10 республикалық, 174 коммуналдық, 22 жеке меншікте. Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарды қажет ететін 6 бөгетке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу келісімшарттары жасалды (Көсем, Жекесай, Теренсай, Щербаковская, Казанка-2, Шолақ). Қазіргі танда 5 бөгетке, Алға ауданындағы Көсем, Темір ауданындағы Жекесай, Әйтеке би ауданындағы Теренсай, Щербаковская, Мәртөк ауданындағы Казанка-2 бөгеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 8 көлдің су қорғау аймағы мен белдеулерін жобалау үшін 14,8 млн.тг. келісім шарт жасалды, қазіргі таңда жасалған жоба бойынша облыс әкімдігінің қаулы жобасы жасақталуда. 2024 жылы Мартөк ауданында орналасқан Мәртөк бөгетіне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен бірге, Ақтөбе облысының аумағында жер үсті суларын сақтап қалу үшін, жалпы су көлемі 492,8 млн текше метр, суландыру алаңын 49 289 га, су қоймалар салуға жұмыстар жоспарлануда.
Балық шаруашылығы
Облыс аумағында 126 балық шаруашылығы су айдыны бар, оның ішінде 68 су айдын табиғаты пайдаланушыға бекітілді.
Ақтөбе облысының балық шаруашылығы 720,5 тонна балық өсірді. Балық шаруашылықтарының шығыстарын өтеуге аквамәдениетке 915 мың теңге, инвестициялық салымдарға-8,4 млн теңге көлемінде субсидиялар көзделген.
2023 жылғы шілдеден бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде Ақтөбе облысы бойынша 164,4 тонна балық аулауға квота бекітілді, қазіргі уақытта 2023 жылғы шілдеден бастап табиғат пайдаланушыларға 131 тоннаға рұқсат берілді, Бюджетке 5,2 млн.теңге түсті.
2023 жылы бекітілген квотаға сәйкес 84 125 нысан көлемінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат берілді, бюджетке түсімдер 17 016 555,75 теңгені құрады.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының аумағында барлығы 53 аңшылық алқап бар, оның ішінде табиғат пайдаланушыларға 52 аңшылық алқап бекітілген.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында облыс аумағында жалпы алаңы 547,109 мың га жергілікті маңызы бар 7 ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылды және ЕҚТА арасында көлемі жағынан Қазақстан Республикасында «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» ерекшеленеді. Сонымен қатар, қазіргі таңда Ақтөбе қаласы шегіндегі «Қарғалы» және «Сазды», Шалқар ауданында «Бершоғыр» ЕҚТА құру үшін жаратылыстану-ғылыми негіздемесі әзірленді. 2024 жылы техникалық-экономикалық негіздемелері жасалып, әрі қарай қаумалдарды құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
«Көкжиде-Құмжарған» ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту бөлігінде жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне түзетулер енгізілді.
Орман шаруашылығы бойынша
Облыста ведомствоның қарамағында орман және жануарлар дүниесін қорғаудың 8 коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 217 848 га құрайды, оның 51 770 га орманмен қамтылған. Орман мекемелерінде 496 адам жұмыс істейді. Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінде жалпы ауданы 215 га болатын 7 орман учаскесі жұмыс істейді. 2023 жылы питомникте 12 869 мың дана отырғызылатын материал өсірілді. 2023 жылы 5 988,8 га алаңға 10 781,7 мың дана отырғызу материалы отырғызылды. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерінде 7 орман өрт сөндіру станциясы жұмыс істейді. 3 бірлік орман өрт сөндіру станциясының құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 904,4 млн теңге бөлінді.
Көкжидадағы жер асты және жер үсті суларын сақтау
Көкжиде кен орнының жер асты және жер үсті суларының сапасына мониторинг жүргізіледі. 2021 жылдан бастап жер асты суларын бақылау желісі 124 ұңғымаға дейін кеңейтілді (жер қойнауын пайдаланушылардың ұңғымаларын қоса алғанда). Жер үсті сулары бойынша бақылау 11 Жарма бойынша жүргізіледі. Суды талдау 26 көрсеткішке жүргізіледі. Мониторинг қорытындысы бойынша 2023 жылы жер асты суларында мұнай өнімдері екі ұңғымадан басқа рұқсат етілген норма шегінде болады, онда 1,5 ШЖК-ға дейін асып кету тіркелген. Жер үсті суларында гидрохимиялық көрсеткіштер қалыпты. «Көкжиде-Құмжарған» қорығының жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту бойынша жұмыстар жоспарлануда. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған 2023 жылы Көкжиде жер асты сулары кен орнын жете барлау жөніндегі жұмыс шеңберінде белгіленген жер асты сулары мен санитарлық қорғау аймағының шекараларын ескере отырып, қорық аумағын кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми негіздемесі әзірленді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару
2023 жылы Ақтөбе облысы бойынша 303,7 мың тонна ҚТҚ құрылды, оның ішінде 56,7 мың тонна немесе 18,7% сұрыпталды және қайта өңделді (2022 жылы 300,8 мың тонна, оның ішінде 45,2 мың тонна немесе 15% қайта өңделді). Бүгінгі таңда облыс бойынша 323 елді мекен бар, бұл ретте қатты тұрмыстық қалдықтардың 15 көму орны полигон мәртебесіне ие, оның 9 коммуналдық және 6 вахталық кенттерге қызмет көрсетеді. Қалған елді мекендерде қалдықтар арнайы бөлінген жер учаскелеріне көміледі. Жергілікті атқарушы органдар көмілетін қалдықтарды инертті материалдармен тығыздау және төгу, сондай-ақ учаскелерді үйіп тастау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді. 157 ауылдық округте учаскелердің тиісті нысаналы мақсатымен жер актілері ресімделді (Ақтөбе қаласы – 1, Әйтеке би ауданы – 15, Алға ауданы – 16, Байғанин ауданы – 9, Ырғыз ауданы – 18, Қарғалы ауданы – 14, Мәртөк ауданы – 17, Мұғалжар ауданы-14, Темір ауданы-10, Ойыл ауданы - 7, Қобда ауданы – 10, Хромтау ауданы – 13, Шалқар ауданы-13). 2023 жылы Ойыл, Ырғыз, Т.Жүргенов, Қарабұтақ кенттері үшін ҚТҚ полигондарын салудың техникалық-экономикалық негіздемелеріне «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынып, содан кейін кезең-кезеңімен салу жоспарланған.
Рұқсат етілмеген полигондар
Қалдықтарды орналастыру орындарының ғарыштық мониторингі шеңберінде бүгінгі күні Ақтөбе облысының аумағында 292 стихиялық қоқыс орны анықталды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың күшімен 267 қоқыс тасталды, бұл 91% - құрайды (2022 жылы 249 анықталды, 88% - ы жойылды). Полигондарды жою жұмыстары тиісті ауа-райының басталуымен қайта басталады.
Елек өзенінің алты валентті хроммен ластану проблемасы
Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаровтың 2023 жылғы 29 қарашадағы №451-р өкімімен тиісті сарапшылардың пікірін ескере отырып, Елек өзенінің алты валентті хроммен ластану ошағын жоюдың және жер асты суларын тазартудың орындылығы туралы бірлескен шешім қабылдау үшін Елек өзенінің алты валентті хроммен ластануы мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды.
Экологиялық реттеу
2023 жылы 463 қоғамдық тыңдау өткізілді, оның ішінде 243 ашық жиналыс түрінде, 220 көпшілік талқылау түрінде. 2023 жылы 461 өтінім материалы қаралды, оның ішінде 71 экологиялық рұқсат берілді және 159 жобаға оң сараптама жүргізілді. 225 өтінім бойынша бас тартылды. Жоспарланған қызмет туралы 210 өтініш жарияланды.