«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының
тізбесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 тіркелген) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.