Ақтөбе облысы аумағында орналасқан 8 көлдің (Алға ауданындағы Соркөл көлі, Қобда ауданындағы Жиренкөл көлі, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл көлдері, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл көлдері, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе облысы аумағында орналасқан 8 көлдің (Алға ауданындағы Соркөл көлі, Қобда ауданындағы Жиренкөл көлі, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл көлдері, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл көлдері, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген жоба негізінде белгіленсін.
  2. Ақтөбе облысы аумағында орналасқан 8 көлдің (Алға ауданындағы Соркөл көлі, Қобда ауданындағы Жиренкөл көлі, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл көлдері, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл көлдері, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтөбе облысы бойынша

экология департаменті» республикалық

мемлекеттік мекемесі                                                                             

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтөбе облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті» 

республикалық мемлекеттік мекемесі

«КЕЛІСІЛДІ»

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий

бассейндік инспекциясы» республикалық

мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе облысы аумағында орналасқан 8 көлдің (Алға ауданындағы Соркөл көлі, Қобда ауданындағы Жиренкөл көлі, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл көлдері, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл көлдері, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Дата публикации
20 декабря 2023