Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің

(балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

 

              «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысы әкімі

 

Е. Тоқжанов

 

         

Қаулы жобасы
Дата публикации
06 января 2023