Ақтөбе облысы әкімдігінің «Ақтөбе облысының 2022 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» жобасына
АНЫҚТАМА
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі – «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабы
2 - тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 мамырда № 28188 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл нормативтік құқықтық акті tabigat.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2022 жылғы 16 шілдедегі № 83 «Актюбинский вестник» және 2022 жылғы 16 шілдедегі № 83 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 27684/РПП04 ескертусіз қорытындысы берілді.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 01-2/156 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылдың 7 шілдеде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2022 жылдың 21 шілдеде аяқталды. Есептемені қарау 21 бірлік.