«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының

 тізбесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 тіркелген) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі

 

О. Уразалин

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 01.07.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 28677 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Акимат Актюбинской области - Руководитель отдела Алдан Кайратулы, 20.06.2022 10:19:42, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Алма Кайратовна Муканова, 27.06.2022 15:32:38, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Ақтөбе облысының әкімдігі - Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин, 28.06.2022 10:41:31, положительный результат проверки ЭЦП

пост каз
Дата публикации
04 июля 2022