пресс релизи и справка к проекту О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 12 мая 2008 года № 167 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»

«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167

«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының

 тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»

жобасына анықтама

 

         Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі – Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына, «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын және оларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2017 жылғы 15 тамыздағы № 336 бұйрығына сәйкес "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Батыс Қазақстан филиалы мамандарымен жаңада су айдындары зерттеліп әзірленген биологиялық негіздемеге сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Бұл нормативтік құқықтық акті tabigat.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2022 жылғы 17 наурыздағы № 31 «Актюбинский вестник» және 2022 жылғы 17 наурыздағы № 31 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.

         Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 2022 жылғы 19 сәуірдегі  № 0704/РПП04 ескертусіз қорытындысы берілді.

         Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 14 наурыздағы                              № 01-2/114 қорытындысы алынды.

         Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылдың 7 сәуірде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2022 жылдың 21 сәуірде аяқталды. Есептемені қарау 53 бірлік, 4 пікір.

пресс релиз
Дата публикации
18 мая 2022