Экология және қоршаған ортаны
қорғау мәселелері туралы
2020 жылы Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша Экология министрлігімен бірлесе 33 іс-шараларды қамтитын Жол картасы бекітілді. Бүгінгі таңда тұрақты сипаттағы 26 іс-шаралар орындалу сатысында, 3 іс – шара толық орындалды.
Соның ішінде өңірдің экологиялық жағдайының жақсаруына елеулі әсер ететін, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының цехтарын жаңғырту және қайта жаңарту жобасын іске асыру басталды (шығарындыларды 30% төмендетеді) және Ақтөбе хром қосындылары зауыты шаңды және газды тазартатын қондырғыны қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде (шығарындыларды 50%-ға дейін төмендетеді).
Сонымен қатар, бүгінде автокөлік құралдарын газ отынына ауыстыру үшін тиісті инфрақұрылым құрылды, қазірде облыста тіркелген автокөліктердің 26,1% (48 243 бірлік) газбен жұмыс істейді.
Бюджеттік ұйымдардың барлық көлік құралдары (850 бірлік) және қоғамдық көліктердің 60%-тен астамы газ отынына ауыстырылды.
Қаланың кәріз жүйесінен күкіртсутек шығарындыларын жою үшін негізгі 11 канализациялық сорғы станциясында соңғы екі жылда көмір сүзгі жүйелері орнатылды, 6 канализациялық сорғы станцияларында күкіртсіздендіру катализаторлары қолданылуда.
Нәтижесінде, «Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметіне сәйкес, ауаның ластану деңгейінің жоғары фактісі соңғы 5 жылда 18 есеге азайған.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде облыс орталығында қайталама шикізатты қабылдайтын 5 пункт және қалдықтарды сұрыптайтын кешен жұмыс істейді.
2021 жылы 3 аудан орталықтарында (Мәртөк, Хобда, Қарауылкелді) экологиялық талаптарға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы аяқталады, тағы 2 ауданда (Бадамша, Шұбарқұдық) полигон құрылысының жобалары дайындалуда.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» мекемесімен анықталған 456 стихиялық қоқыстың 442 жойылды, қалған 14 бойынша жақын арада шаралар қабылданатын болады.
Жасыл желектер отырғызу бойынша. Жоспарға сәйкес алдағы 5 жыл ішінде мемлекеттік орман қоры жерлеріне 30 744 га алқапқа 60,2 млн.түп ағаш отырғызу бекітілді. Қазіргі таңда 1181 га алқапқа 2,1 млн.түп ағаш отырғызылды, яғни 2021 жылға бекітілген жоспар толығымен орындалды.
Сонымен қатар, 2020-2021 жылдары 687 млн.теңгеге орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Нәтижесінде 2020 жылмен салыстырғанда орман тәлімбақтарының көлемі 2,5 есеге артып отыр (2020 ж. - 47га, 2021 ж. – 117 га).
Жоспар бойынша 2021 жылы облыстың елді мекендерінде 52 441 көшет отырғызылып, 240 га алқапта жасыл аймақтар құрылды.
Жалпы өңірде экологияны жақсарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады, аталған мәселе тұрақты бақылауда.