«Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
жобасына анықтама
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі – Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Бұл нормативтік құқықтық акті tabigat.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2022 жылғы 5 ақпандағы № 14 «Актюбинский вестник» және 2022 жылғы 5 ақпандағы № 14 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 0579/РПП04 ескертусіз қорытындысы берілді.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 01-2/100 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылдың 9 ақпанында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2022 жылдың 23 ақпанында аяқталды. Есептемені қарау 62 бірлік, 6 пікір.