«Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» облыстық мәслихаттың шешім жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

«Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009  жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» облыстық мәслихаттың шешім жобасына

БАСПА-РЕЛИЗІ

 

            Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі – Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, жер үсті  көздеріндегі  су  ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері 2022 жылға өзгертіліп отыр:

Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні

№ р/с

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

 

Төлемақы мөлшерлемелері

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

168,5

2.

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 тек.м

489,2

3.

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 тек.м

135,9

4.

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 тек.м

132,8

5.

Су энергетика

теңге/1000 кВт.сағ

-

6.

Су көлігі

теңге/1000 тек.м

16,3

Торғай, Ырғыз өзендері  бассейні

№ р/с

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

 

Төлемақы мөлшерлемелері

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

146,3

2.

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 тек.м

411,9

3.

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 тек.м

113,3

4.

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 тек.м

113,3

5.

Су энергетика

теңге/1000 кВт.сағ

-

6.

Су көлігі

теңге/1000 тек.м

-

           Ескертпе: Төлемақы мөлшерлемелері сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.

            Бұл нормативтік құқықтық акті tabigat.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2022 жылғы 15 ақпандағы № 18 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.

            Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 0378/РПП-04 ескертусіз қорытындысы берілді.

            Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 15  ақпандағы № 01-2/107 қорытындысы алынды.

            Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылдың 9 ақпанында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2022 жылдың 23 ақпанында аяқталды. Есептемені қарау 26 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ. 

            Сайтта жарияланды: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy

            Тікелей орналастыру: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy/documents/1?lang=kk

пресс релиз
Дата публикации
02 марта 2022