Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» жобасына
АНЫҚТАМА
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» әдістеме негізінде жүзеге асырылады. Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері, сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Бұл нормативтік құқықтық акті tabigat.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2022 жылғы 15 ақпандағы № 18 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 15 ақпандағы № 01-2/107 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылдың 9 ақпанында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2022 жылдың 23 ақпанында аяқталды. Есептемені қарау 26 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.