Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 422 «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, 24-бабына, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Экологиялық кодексінің 233-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы ереженің 2-бөлімінің 6-тармағына сәйкес және Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты аумағын кеңейтуге резервіленетін жер учаскелерін 2011 жылғы 21 қазандағы тексеру актісі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Ақтөбе облысының әкімі |
|
О.Оразалин |