Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Облыстық А.НУГМАНОВ
мәслихаттың хатшысы