Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің       94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                       23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындары белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4975 тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

«Әйтеке би ауданы» деген бөлімдегі «Комсомол ауылдық округі» елді мекені «Темірбек Жүргенов» ауылдық округі болып өзгертілсін;

«Мұғалжар ауданы» деген бөлім осы қаулының қосымшасына сәйкес реттік нөмірі 5 жолымен толықтырылсын;

«Хромтау ауданы» деген бөлім осы қаулының қосымшасына сәйкес реттік нөмірі 7 жолымен толықтырылсын.

  1. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі

 

О.Оразалин

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтөбе облысы бойынша

экология департаменті» республикалық

мемлекеттік мекемесі

_____________________ Н.Аққұл

«____» ______________ 2022 жыл

 

 

                                                                                                                      

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтөбе облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті»  

республикалық мемлекеттік мекемесі

______________________ Р.Қойшанова

«____» ______________ 2022 жыл     

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий

бассейндік инспекциясы» республикалық

мемлекеттік мекемесі

______________________ Ғ.Азидуллин

«____» ______________ 2022 жыл                                   

 

қаулы
Дата публикации
03 февраля 2022