Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 351 «Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 364-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларында:
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, халықтың шомылуы жүзеге асырылмайтын келесі орындар осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.».
осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Облыстық
мәслихаттың хатшысы А.Нугманов